Жаңалықтар
Жайық суы ағзаға қауіпті ме?
Сәуір айы басталғалы бері Атырау қаласында Жайық өзенінен 30 сынама алынған. Ал мұның нәтижелері қандай? Бұл сұраққа облыстық жедел штаб жауап іздеген болатын.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Қаламқас Аманжолованың айтуынша, айдың басынан бері Жайық өзенінен вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық сынамалар алынып басталған.
-Тасқын жағдайына байланысты Жайық өзенінің бірнеше нүктесінен сынамалар алынып отырады. Бұған дейінгі сынамалардан лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер анықталды. Бірақ ол жағдайлардың адам денсаулығына зияны жоқ, — деді спикер.