Құрманғазы: Байда, Приморье, Бірлік, Көптоғай ауылдарында клуб салынады

image112 Жаңалықтар

Апаттық жағдайда тұрған клуб ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.

 «Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың  есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды  Атырау  облыстық  коммуникациялар қызметі.

«Сондай ақ,   2014 жылдан бері шешімін таппай келе жатырған Хиуаз ауылындағы Мәдениет үйі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Және аудан тұрғындарының  демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Құрманғазы ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғырту, Жағажай құрылысын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда» деді спикер  Қайрат Нұртаев.

Еске сала кетелік, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз