Жарнама
Жаңалықтар

Жайық өзенінің деңгейі тұрақты

Атырау қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі бір тәуліктікте көбеймеген. Мұнда қазіргі су деңгейі 396 сантиметрді көрсетті. Ал Индербор кентінде – 8 см, Махамбетте 7 сантиметрге көтерілген. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандары хабарлады.

Олардың мәліметіне сүйенсек, Орынборда су деңгейі 35 сантиметрге төмендесе, Январцево гидропостында 38 сантиметрге артқан. Бүгін Иректі суқоймасынан секундына 345 текше метр су жіберілуде. Сонымен қатар, Жем өзенінің деңгейі 8 сантиметрге азайып, қазір деңгей 184 сантиметрді көрсетті. Ал Қиғаш өзенінде керісінше, бір тәулікте 8 сантиметрге көбейіпті. Мұндағы су деңгейі 204 сантиметрге жетті.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button