Ел тыныштығы күзетінде

1469170906 policiya rk 21 1 Жаңалықтар

Atr.kz/21 маусым, 2019 жыл. Кеше облыстық халық шығармашылығы орталығында 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік шара өтті.

Көліктегі полиция департаменті Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Жанболат Есенбаев  мерекемен құттықтап, тәртіп сақшыларына ел тыныштығын сақтаудағы ерен еңбектері үшін алғысын білдірді.

Ал, еңбек ардагері Есет Өтесбаев: «Қазақстан полициясы өзінің құрылған күнінен бастап Елбасының  қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерінің зор үлесі бар екені даусыз» деген ізгі тілегін жолдады.

Салтанатты шара аясында, адал қызметтері үшін  бір топ құқық қорғау саласының үздіктері және ардагерлері облыс әкімі мен қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуына ұласты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз