Жарнама
Жаңалықтар

Жайық бір тәулікте 32 сантиметрге көтерілді

БҚО-ның Тайпақ ауылы тұсында Жайық деңгейі 51 сантиметрге көтерілді. Ал Индербор кентіндегі гидропостта өзен деңгейі 7,5 метрге жетті. Мұндағы өзен суы бір тәулікте 32 сантиметрге өскені анықталды. Қауіпті деңгей – 845 см. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Сала мамандарының ақпаратына сүйенсек, Махамбет кенті тұсында Жайық өзені 16 сантиметрге көбейіп, 795 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгей – 850 см. Ал Атырау қаласындағы гидро бекетте 8 сантиметрге артып, 459 сантиметрді құрады. Мұндағы қауіпті деңгей – 550 см. Еске салайық, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.
Волгоград гидроэлектр бекетінен келетін су есебінен Қиғаш өзені Шортанбай мен Котяевка ауылдарындағы гидропостта 5 сантиметрден көтерілсе, Ганюшкинода 3 сантиметрге көбейді. Ал Волгоград су қоймасынан секундына 17 760 текше метр су жіберілуде.
Айтпақшы, Жем өзенінің деңгейі 1 сантиметрге төмендеді.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button