Жарнама
Жаңалықтар

Жайық деңгейі тәулік бойы бақылауға алынды

Атырауда Жайық өзені бойында орналасқан елді мекендердің тұсында кезекшілік құрам жағдайды бақылауда. Олардың  міндеті – су деңгейінің көтерілуін қадағалап, бөгет жарылып кеткен жағдайда мамандарды хабардар ету, — деп хабарлайды облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

-Судың көп мөлшерде көтерілуіне байланысты екі ауысымға бөлініп, тәулік бойы Жайық деңгейін бақылаудамыз. Кезекшілерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз еттік. Су деңгейін бақылау кезінде қандай да бір жағдай болса, кезекшілер жедел штабты  хабардар етіп отырады, — дейді Атырау қаласындағы  69-73 учаскенің координаторы Қаһарман Рахметұлы.

Осындай кезекшілік пункттер қаланың басқа учаскелерінде және Махамбет, Индер аудандарында да қызмет етуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button