Жаңалықтар
Жайық деңгейі 13 сантиметрге көтерілді
БҚО-нан келетін су есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индер ауданының Индербор кенті маңында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілген. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.
Олардың мәліметінше, Жайық өзенінің деңгейі Махамбет кенті тұсында 7 см, ал Атырау қаласының гидропостында 3 сантиметрге өскен. Бүгінде Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су жіберілуде.
Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай мен Котяевка гидро бекетінде бір тәулікте 8 сантиметрден көтерілсе, Ганюшкинода 4 сантиметрге артқан. Ал бүгін Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 25 510 текше метр су жіберілуде.
Айта кетейік, Жем өзенінің су деңгейі бір тәулікте 4 сантиметрге түскен.
Малика ТӘКЕЖАНОВА