Жарнама
Жаңалықтар

Жайылмаға шыққан су Жайыққа қосылуда

Атырау қаласындағы Алмалы ауылында жайылмаға шыққан өр суын Жайық өзеніне қайта қосу жұмыстары жүріп жатыр, — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб.

Бүгін таңда қаладағы Алмалы ауылдық округіне қарасты 8 шаруашылықты округ орталығымен байланыстыратын жолды су шайып, шаруаларға қиындық келтірді. Қазір жайылма суы Жайыққа кедергісіз қосылуы үшін уақытша салынған айналма жолды жыру жұмыстары жүргізілуде.

Жайық өзені Алмалы ауылын 3 жағынан қоршаған еді. Ауылды сақтап қалу үшін ұзындығы 9 шақырымдай бөгет тұрғызылып, күндіз-түні күзет ұйымдастырылған болатын. Сақтық шарасы әлі де күшінде. Бүгінде округке жауапты мекеме мен 50-ден астам сарбаз кезекшілік атқарады. Жалпы өзен бойындағы 17 елдімекеннің барлығында жауапты мекемелер белгіленген.

–Негізінен жаға бекіту жұмыстары толығымен аяқталды. Қоршау сенімді, ауылға қауіп жоқ. Жайық өзенінен шыққан жайылма су ауылдың айналасына таралды. Сондықтан жайылма суды Жайыққа қайта жіберу үшін бөгеттерді жырып жатырмыз, — деді нөмірі 16-20 учаскелердің координаторы Нұржауған Төлеуова.

Тасқын кезінде Жайық өзені 113 учаскеге бөлініп, судан қорғану жұмыстары жүргізілді. Әлі де 24 гидробекетте судың деңгейі бақылауда тұр. Сәуір-мамыр айларында облыстың су басу қаупі жоғары елдімекендерді қоршап, биіктігі 8-11 метр болатын 523 шақырым бөгет соғылды.

Алмалы ауылының айналасына 8,6 шақырым бөгет тұрғызылды. Ауылда су деңгейі үнемі бақылауда, кезекшілер тәулік бойы жаға басында жүр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button