Жарнама
Жаңалықтар

«ЖАЙДАРМАН» КЕШІ ЖАЙДАРЛЫ

 

Сенбі күнгі ашық лига ойындарында «Құрманғазы жастары», «Маями», «Өнерпаз», «НВК»және «Амиго» топтары өнер көрсетті. Сайыс «Өткеннен – сабақ, келешекке – өнеге» тақырыбымен басталды.

Сайыс қорытындысы бойынша 69 ұпаймен қаламыздың абыройын көтерген «Өнерпаз» чемпион атанды. Ал, 68 ұпаймен Маями ІІ және 66 ұпаймен Амиго ІІІ орындарды еншіледі. Сол сияқты, 62 ұпай жинаған «Құрманғазы жастары» мен 44 ұпаймен Түркістан қаласынан келген «НВК» топтары финалистер тізіміне енді. Сөйтіп, қазылар алқасының шешімімен «Жайдарман» қазақша КВН сайысындағы өнегелі өнері үшін «Құрманғазы жастары», «Өнерпаз» және «Амиго» командаларына облыс әкімінің кубогы сайысына қатысуға жолдама берілді. Сондай-ақ, актерлік дарынымен ерекшеленген «Өнерпаз» командасынан Ерлан Мұсаев ең үздік ойыншы деп танылды.

Келесі күні өткен премьер-лига ойындарында «Тема», «Мұнайлы Астана», «Жарсуат», «Медицина», «36» және «Жас  буын» командалары бақ сынады.

Нәтижесінде, 78 ұпаймен «Тема» командасы бірауыздан жеңімпаз деп танылды. Ал, осы топтың жұлдызын жаққан Индира Жұмабаева  үздік ойыншы атағына ие болды. Сәйкесінше ІІ орын 70 ұпай жинаған «36» және ІІІ орын 67 ұпаймен «Жарсуат» топтарына бұйырды. Сонымен бірге, премьер-лигада үздік ойын өрнегін көрсете білген «Жас буын» командасы республикалық «Жайдарлы жас ұлан» сайысына жолдама алды.

Атыраулық «Жайдарман» ойындарының жетекшісі Руслан Ахашевтан білгеніміздей,  қараша айында «Русский КВН» және облыс әкімінің кубогы үшін сайыстар өтеді. Ал, ашық лиганың ақтық сыны жергілікті телеарнадан телевизиялық нұсқада көрсетілмек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген автор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button