Мемлекеттік қызметте тағылымдаманың берері көп

2017112712152631442 courses Жаңалықтар

 Atr.kz/27 қыркүйек, 2019 жыл.   Қазақстан Республикасы ​ «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, ​ мемлекеттік қызметшілер кәсіби білім алу мен тәжірибе жинақтау мақсатында тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тағылымдамадан өтеді.

Тағылымдамадан өту кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және жалақысы сақталады.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес, тағылымдамадан мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар мемлекеттік ​ қызметшілер өте алады. Сондай-ақ, бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға және тағылымдамадан өтуші функционалдық міндеттеріне сәйкес тиісті саладағы ұйымдардан өту көзделген.
2019 жылдың 9 айының қорытындысымен Атырау облысы бойынша функционалдық міндеттеріне сәйкес 198 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өткен мемлекеттік қызметшілер арасында басшылық лауазым 30 бірлікті құрады.
(Салыстырмалы түрде, 2018 жылдың 9 айында тағылымдамадан өткен мемлекеттік қызметшілер саны -188. Ал басшылық құрам бойынша 26 ​ бірлікті құрады).
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Облыс бойынша 183 мемлекеттік қызметші Министрліктен, Комитеттерден, аумақтық департаменттерде, басқармаларда және әкімдіктерде,сондай-ақ оларға қарасты дербес бөлімдерде, ауылдық округтерде тағылымдамадан өтті.
Аталған мерзім ішінде функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер өндірістік кәсіпорындарда да өз білімдерін шыңдады.
Атап айтқанда, Атырау облысы Кәсіпкерлік және​ индустриялық-инновациялық даму басқармасының​ 10 мемлекеттік қызметшісі (бөлім басшысы лауазымда – 2, бас мамандар саны – 8 бірлік) Атырау қаласы кәсіпкерлер палатасында,«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Атырау облысы​ бойынша​ аймақтық филиалында, «Жигермұнайгазсервис», «Атыраунефтемаш», «Рауан Налко», «Атырау innovations» ЖШС-де тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, Атырау облысы​ Ауыл шаруашылығы басқармасының 4 маманы «ҚазСушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынында, «Аграрлық-кредиттік корпорация» және «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында өндірістік тәжірибеден өтті.
Сондай-ақ, Атырау облысы Балық шаруашылығының бөлім басшысы «Жайық-Атырау» балық өсіру зауытында бір апталық тағылымдамадан​ өтті.​
Тағылымдамадан өту барысында мемлекеттік қызметшілер жасақталған жеке жұмыс жоспарларына сәйкес, өздерінің функционалдық міндеттеріне байланысты жұмыс жасаудың нақты бағыты бойынша өз білімдерін жетілдірді.
Департаментпен мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында тағылымдаманың тиімділігі жөнінде сауалнама жүргізілген болатын.
Cауалнама нәтижесін қорытындылай келе, тағылымдамадан өтудің тиімділігі өте жоғары, себебі тәжірибе алмасуға, кәсіби біліктілікті арттыруға мүмкіндік зор және мемлекеттік қызметшіде өз міндетіне деген тың идеялар қалыптасады. Сонымен қатар, туындаған идеясларын жұмыс бабында пайдалана алады.
Қызметкер өз білімін жетілдіріп қана қоймай, өндірістік және өнеркәсіптік бағытында да тәжірибе алып, теориялық білімін шыңдайды.
Сондай-ақ, жаңадан енгізіліп жатқан ақпараттық-технологияларды қолдануда іскерлік дағдыларын үйренеді.
​​​
Кәкима НҰРМАҒАМБЕТОВА, ​
​ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз