Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жаңа жобалардың қайтарымы қандай?

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшылығымен өңірлік  телекоммуникациялар қызметі орталығында өткен кезекті кездесуде осы мәселеге баса назар аударылды. Жиналғандарды, әсіресе, ауыл бизнесінің ахуалы, іске асырылған жобалардың қайтарымдылығы қызықтырды.

%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bc%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b9

Жалпы, басқарма басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиеваның айтуынша, үстіміздегі жылғы 1 қазандағы дерекпен, аймақта жұмыс істеп тұрған 47008 шағын және орта кәсіперлік нысаны бар екен. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен бұларда 125,3 мың адам қызметпен қамтылыпты. Осы уақыта 392,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Бұл көрсеткіштердің бәрі де бұрынғы жылдармен салыстырғанда жоғары. Ауыл кәсіпкерлеріне бетбұрыс жасалуда. Жергілікті атқарушы биліктің бастамасымен барлық аудан орталықтарында «Даму» қорының филиалдары ашылды. Ал, Еуропалық қайта құру мен Даму банкілерінің қолдауымен «Әйелдер — бизнесте» бағдарламасының қолға алынуы нәзік жандылардың бизнес саласына батыл қадам қадам жасауына жол ашты. Бұл бағытта қаржыландыру жүріп жатыр. Кәсіпкерлердің несиесін субсидиялау қалалықтар үшін жеті, ауылдағыларға 10 пайыз шамасында жүргізіледі.

Әйтсе де, журналистер орынды сұрағанындай, екінші деңгейдегі банкілердің пайыздық үстемесі әлі жоғары. Бірқатарында 23 пайызға дейін жетеді. Әрине, олар да кәсіпкерлер, табыс тапқысы келеді. Демек, солардың арасында бәсекелестік тудырып, пайыздық үстемесі төменімен көбірек жұмыс жасаған жөн. Бұл басқаларының да аптығын басар еді.

Тағы бір проблема – қатарға қосылған кейбір жобалардың толық қуатында жұмыс жасамауы. Басқарма басшысының орынбасары Искандер Жаңатаевтың айтуынша, қазір төрт жоба тәуекел табалдырығында тұр. Яғни, турасын айтқанда, жағдайлары мәз емес. Солардың біреуі – «Шеврон» корпорациясының Атыраудағы пластикалық құбырлар шығару зауыты. Ол – аймақтың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген кәсіпорын. Мұнда Елбасымыз келіп, жаңа қызметке сәттілік тілеген. Ендеше, қазіргі ахуалы неге дабыл қағарлық? Сөйтсек, дайын өнімдер өтпей жатыр екен. Бүгінде республика бойынша осындай өнім шығаратын 70 шақты өндіріс ошағы бар. Солардың бұйымдары біздегімен салыстырғанда сәл арзандау секілді. Өтімділігі де содан. Ал, сапа ше? Шетелдік инвестиция арқылы ашылған Атыраудағы зауыт тауары нашар деуге болмас. Ендеше, озық нәрсе арзанға тағы сатылмайды. Сонда бұл тұйық шеңберден шығу жолы қандай?

«СағатЭнержи» компаниясы алдағы жылдан бастап электр энергиясын бере бастайды екен.  Оның «Атырау-Жарық» кәсіпорнымен бәсекелесуге қауқары жетпесе, онда жұмсалған шығын да өзін ақтамайды. Өзге жобалар жөнінде де соны айтуға болады. Демек, о баста қуатты өндіріс ошағын тұрғызарда оның өнімін қайда жіберу керектігі де ойластырылуы қажет.

Журналистер назар аударған жай – жобалардың тым қымбаттығы, керісінше ашылған жұмыс орындарының өте аздығы. Мәселен, құны миллиондаған теңгелік кәсіпорын тұрғызылады, ал, қызметкерлер саны саусақпен санарлық. Жалпы, индустриялық-инновациялық жобаларға атқарушы билік тарапынан қолдау көрсетілгенде алдымен олардың қайтарымы есепке алынады ғой. Ал, оның бір көрінісі – жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуы. Осы орайда Искандер Жаңатаев екі себепті атады. Яғни, біріншісі, теңгенің құнсыздануына қатысты жобалардың біртіндеп қымбаттап жатқандығы. Екіншісі, өндірісті автоматтандырылған жаңа технологияның кеңінен енгізілуі қолдап істейтін жұмыс күшін аса қажет те етпейді. Қысқасы, қайткенде де, кезінде дүбірлетіп пайдалануға берген кәсіпорындардың кейбірі қазір 30 пайыздық қуатымен ғана жұмыс жасауда. Ойланарлық жай.

Ал, басқарма басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, шетелде  демалуға тілек білдірген қазақстандық туристер үшін барынша жағдай туғызылған. Олар сыртта жүргенінде тосын оқиғаларға тап болса, мемлекет тарапынан қорғау шаралары алынады. Әйтсе де, өз жерімізде демалғанға не жетсін! Оның үстіне, құпиясы көп, тарихы терең  Атырау аймағын да жақсы демалыс орнына айналдырған абзал еді.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button