Жаңалықтар
Жаңа туған сәбиді сатпақ болған
Атырау облыстық перзентханасында жаңа туған нәрестені 5 мың АҚШ долларына сатпақ болған медбике ұсталды, деп хабарлады kazinform
Медбике мен оның сыбайластарын Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұсталды. Құқық қорғаушылар бала сатушыларды қылмыс үстінде бұлтартпас айғақтармен ұстады. Перзентхана қызметкерлері келісілген соманың тең жартысын алдын-ала алып қойыпты. Ақхалаттылар көрші елден келген жас ананы өз баласын сатуға алдап көндірген.
«Сәбидің анасы Өзбекстан Республикасынан келіп, Атыраудағы перзентханада босанып қалған. Осы жағдайды өз пайдасына асырмақ болған медицина қызметкері жас ананы баласын сатуға алдап көндірген. Қазір күдікті уақытша оқшаулау орнына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 135 бабының 2 тармағы бойынша жүруде. Тергеу-тексерумен департаменттің тергеу басқармасы айналысуда», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Дерек көзі: kazinform