Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жол-көлік апатынан екі адам мерт болды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты кеше, 11 желтоқсанда болған.

«Атырау қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданының тұсында, «Атырау-Доссор» бағытындағы жолдың бойында ресейлік нөмірі бар «ВАЗ – 2115» автокөлігі «DAF» жүк көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан жеңіл көліктегі 2 жолаушы көз жұмды. Жеңіл көліктің Ресей Федерациясында да, Қазақстан Республикасында да тіркеуге қойылмағаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button