Жаңа Үкімет: Не өзгерді?
Atr.kz/28 ақпан, 2019 жыл. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті отставкаға жіберген соң төрт күннен кейін министрлер кабинетінің жаңа мүшелерін тағайындау туралы жарлықтарға қол қойған еді.
Мәжіліс депутаттары Қазақстан Үкіметіндегі лауазымдарға ұсынылған кандидатуралар туралы келісті. Жаңа премьер-министр Асқар Мамин болды. Оның кандидатурасын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып, мәжіліс депутаттары бірауыздан мақұлдады.
Министрлер кабинетін Маминнің ұсынысымен президент тағайындады. Бұдан бөлек, Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қаржы реттеушісін енді Ерболат Досаев басқарады.
Сонымен, Дәурен Абаев басқарған ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды. Ведомство қызметінің қоғамдық даму саласы жаңадан құрылған ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелді, ал ақпараттық бөлігі қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беріліп, ведомствоның атауы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып өзгерді.
Дәурен Абаев басқарған ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды. Ведомство қызметінің қоғамдық даму саласы жаңадан құрылған ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелді, ал ақпараттық бөлігі қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беріліп, ведомствоның атауы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып өзгерді.
Дереккөз: «sputniknews»