Жаңа басшыға – жаңа міндет

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкі-мімен Қадыржан Бақтығалиұлы Арыстан Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өткен басқарманың жаңа басшысын таныстыру жиынында Нұрлан Асқарұлы оның өмірі мен қызметіне қысқаша тоқталды.

Құрманғазы ауданының тумасы Қадыржан   Арыстан 1979 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін, 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары орта мектепте физика пәнінің мұғалімі, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Теңіз аудандық агроөндірістік бірлестігінің экономисі, Киров атындағы кеңшардың бас экономисі, директордың орынбасары, серіктестік директоры болып жұмыс жасаған.

2001-2007 жылдары аралығында Атырау об-лыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, департамент директоры лауазымдық қызметтерінде болды. 2008 жылдан осы жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің байланыс жөніндегі бөлімінде, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті бөлімінде бас консультант болып жауапты жұмыс атқарған.

Аймақ басшысы жаңа қызметке тағайындал-ған басқарма жетекшісінің алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ұжым алдына жаңа міндеттер қойды.

Жиында облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан сөз алып, өзіне көрсетілген зор сенім үшін облыс басшылығына ризашылығын айтып, жауапты міндеттерді орындауға білімі мен кәсіби шеберлігін, өмірлік тәжірибесін жұмсайтындығына сендірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз