«Ауылдан келген базарлық»

Ауылдан базарлы 27 Білім

Көбіне ата-аналары мен бауырларынан алыс жүріп, отбасының жан жылулығын сағынып жүретін балалар үшін химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Төлепұлының ұсынысымен жүзеге асқан «Ауылдан базарлық», «Отбасы мүшелерінің күні», «Бір бөлменің балалары» сияқты жаңа жобалар оқушылардың көңілінен шығуда.

%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%80%d0%bb%d1%8b__-27

Жүз отыз екі орындық жатақханадағы оқушылардың елу жетісі Жылыой ауданынан екен. Жылыойлық ата-аналар қасиетті құрбан айт мейрамы тұсында жатақхана дастарқанын базарлықпен толтырды. Оқушылар туған жердің тарихына шолу жасап, ел мерейін тасытып, абыройын асқақтатып жүрген аға-апалары туралы сөз етті. Ән-күйден шашу шашқан әдемі кеш барша оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шықты.

Балаларының ризашылықтары мен қуанышын көрген ата-аналар әрдайым оқушылардың ортасынан табылып, қолдау көрсетіп отырған мектеп директоры мен әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Жаңа жобаға қатысқан  ұстаздар оқушылармен бірге қазақ тілінде ән салып, ауыл базарлығынан дәм татты. Жылыойлық ата-аналар «Кең Жылыой» атты кітапты тарту етті.

Ендігі кезекте ата-аналар ел егемендігінің 25 жылдық мерейтойына арналған спорттық турнирге қатысуға атсалысып жатса, әжелеріміз өсиет-өнеге мектебіне ұласатын «Отбасы мүшелері күні» айдарымен өтетін тәрбие шарасына қатысуға ниет білдіріп отыр.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз