Грант саны – 37 932!

Грант саны – 37 932 Білім

Биыл  жоғары білім гранттарының саны 37 932-ге жетті. Бұл туралы тамыздың төрті күні жұмысын бастаған Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия хабарлады.

Грант саны – 37 932!

Комиссияның міндеті – жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша кешенді дайындықтың қорытындысын шығару. Оның ішінде 35 082 грант I курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша 300 грант), 2850 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға – 13 670, педагогикалық мамандықтарға – 8 235, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға – 2 682, медициналық мамандықтарға 3 150 грант қарастырылды.

Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысуда, оның ішінде 49 858 адам  – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. Айта кету керек, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 9 148 адам конкурсқа қатысуда.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Асем Жанатовна

    Гранттар саны айтарлықтай өсіпті. Енді ел үмітін жастарымыз ақтаса керемет даму сонда болады.

  2. Мұқан

    Мемлекеттік бюджет есебінен жастарға мемлекеттік гранттарды көбейтіп жатыр. Бұл қаржы біреудің қалтасына кеткенше, жастарға білім берім маман тәрбиелейік