Жаңа 500 теңгелік банкнотта Каспий теңізі бейнеленген

IMG 6373 Жаңалықтар

ҚР Ұлттық Банкі ағымдағы жылдың 22-қарашасынан бастап жаңа үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды.

IMG_6373

Бұл туралы біз аталмыш қаржы ұйымы Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімінің бас маман – экономисі Бибігүл Кенжебековадан толығырақ сұрап білдік.

Маманның айтуынша, банкноттың дизайны айналыстағы «Қазақ Елі» сериясының ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған. Көгілдір-көк түс басымырақ. Жаңа банкноттың өлшемі – 130х62 мм.

– Дизайнды әзірлеудің және дайындаудың аса ұзақ процесс екендігін ескерсек, 2017 жылғы үлгідегі номиналдық құны 500 (бес жүз) теңгелік банкноттардағы мемлекеттік тілдегі жазулар кириллицаға негізделген әліпбиге сәйкес жасалған, – деген Б. Кенжебекова банкноттың сырт жағында негізгі бейне – Каспий теңізі, оның артында – Қазақстан картасының қолданылғанын атап айтты.

Ал, 2006 және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар қолданылу кезеңі ағымдағы жылдың 22 қарашасынан 2020 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.

ҚР Ұлттық банкі заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту арнайы кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын еске салады.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз