Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

0558 1 Білім

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі cтуденттері арасында «Білімді ұрпақ адаспайды» атты кітап оқудан және «Жас ұрпақ, эксртемизмнен сақ бол!» атты бейнелеу өнері бойынша жариялаған байқауды қорытындылады.

0558

Ондағы мақсат – ел тарихындағы дін мен дәстүрдің ұштасқан озық үлгісін көрсету, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа жеткізу, эсктремизм мен радикализм идеяларының алдын алу.

Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Каһарман МУСАЕВ, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан МАНСУРОВ, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директоры Қанат Жұмағұл, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Әділқайыр Жантасовтар қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша, кітап оқу сайысынан Маржан Жәрдем, бейнелеу өнерінен Асыланбек Камалиденов бас жүлдені қанжығаға байлады. Оларға 100 мың теңге көлемінде қаржылай сый берілді. І, ІІ, ІІІ орын және ынталандыру номинациясын иеленген жеңпіздарға да сыйлықтар табысталды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз