Жүйкесі «жұқарғандар» соңғы кезде неге көбейіп кетті?
Ақыл-ой кемістігі немесе деменция сырқаттар арасында үшінші орынды алады екен. Қазіргі таңда облыстық психоневрологиялық диспансері есебінде деменцияның өршіген түрімен 130 науқас тіркелген. Бұл сырқатты соңғы кезеңдерінде емдеу қиын, сондықтан оның алдын алу қазіргі медицинаның мақсаты болып табылады.
Адамзатқа ортақ проблема
Бұл туралы учаскелік терапевт, жалпы тәжірибелік дәрігерлері, барлық облыстағы невропатологтарға арналған «Бірқалыпты когнитивтік шалдығудан деменцияға дейін – бір қауіпті қадам» тақырыбында өткен өңірлік ғылыми-практикалық конференциясында айтылды. Конференция облыстық психикалық денсаулық орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.
Шетелдік зерттеулерге сәйкес, деменцияға шалдыққан науқаспен өмір сүру физикалық және қаржылық жүктеме бойынша онкологиялық және есірткіге тәуелді науқастарға күтім көрсетуден басып озып бірінші орынды алып отыр. Бұл басынан өтіп жатқан жағдайды түсінбейтін науқастың ғана емес, оның туыстарының проблемасы болып табылады. Науқасқа күні-түні күтім көрсету қажеттілігі туындап, бұл адам үнемі бақылауды қажет етеді. Науқастың туыстары тек медициналық ғана емес, экономикалық және психологиялық қиындықтарға душар болады.
Әр емханаға – психиатр
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева атап өткендей, соңғы уақытта психиатриялық қызмет пен алғашқы медициналық-санитарлық көмек арасында біріктіру жүргізіліп және әр емханада қабылдау жүргізулері тиіс. Бұрын деменция диагностикасы мен оны емдеу мәселесімен тек психиатрлар айналысқан болатын. Бұл проблеманы басқа маман дәрігерлер де білуі қажет.
Қазіргі уақытта терапевтік мүмкіндіктер зор кезде деменцияны бастапқы кезеңінде жеткіліксіз диагностикалау проблемасы кездеседі. Емделушіде когнитивтік бұзылудың болуын жалпы практика дәрігерлерінде амбулаториялық деңгейде күдік туғызуы тиіс, кейін оны неврологқа, психиатр немесе мамандандырылған орталықтарға жібереді.
– Қазіргі уақытта кадр жетіспеушілігіне байланысты психиатр тек қалалық №7 емханада жұмыс жасауда, — дейді психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ғайнижамал Өңірова. – Екінші жартыжылдықта маманды №2 емханаға жіберуді жоспарлаудамыз. Бұл жалақының төмендігіне байланысты дәрігерлер жұмыс жасауға барғысы келмейді. Республика бойынша кадр жетіспеушілігі – өзекті мәселе. Сонымен қатар, адамдардың психиатр маманға жүгінуге қысылатындығын, оларды есепке алатындығына қорқатындығын да атап өту қажет. Біз адамдардың келісімінсіз тіркеуге алмаймыз.
Бұл дерт түрін анықтауға болады
– Қазақстанның әр өңірінде, оның ішінде біздің өңірде де деменциямен науқастарды анықтау көрсеткіші төмен, — дейді Ғайнижамал Өңірова. – Жалпы тәжірибелік дәрігерлер уақыт жетіспеушілігіне байланысты мұндай шағыммен келгендерге тиісті көңіл бөле алмайды, кейін бұл қайтымсыз сырқатқа айналады. Оған ұмытшақтық, қимыл мен сөйлеудің баяулауы, үрей және депрессия, апатия және т.б. жатады. Егер депрессия емделсе, когнитивтік функциялар да қалпына келуі мүмкін.
Инсульт пен бас жарақаты қауіпті
Конференция барысында емделушілерді клиникалық талдау, диагностика ерекшеліктері мен жеңіл және бірқалыпты когнитивтік бұзылудың негізгі әдістері бойынша үйрету семинарын М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің психиатрия және наркология курсы бойынша жауапты, м.ғ.д. доцент Валерий Павленко жүргізді.
Валерия Павленко өкінішке орай, деменцияға әртүрлі жастағы тұлғалар шалдығатынын айтты. Бұл психикалық бұзылуға инсульттен, бас ми жарақаты, ми шайқалуы нәтижесінде ми қан айналымының бұзылуы, нейроинфекция (минингит, энцифалит, менингоэнцифалит) ұзақ мерзімді салдарынан психикалық сау адам да шалдығуы мүмкін.
Статистика өте қатерлі. Өмір сүру ұзақтығы Қазақстанда ғана емес, әлемде де артуына байланысты дименцияға шалдығу қаупі жоғарылайды. Ми – бұл адам ағзасындағы ең сезімтал орган, кейбір жағдайларда ауыртпалықты көтере алмайды. Көп жағдайда деменцияны алдын алуға болады. Егер жеңіл немесе бірқалыпты когнитивтік бұзылуды мамандар бастапқы кезеңінде анықтаса, сәйкес терапияны қолданса, дәрігерлер когнитивтік бұзылу ауыртпалығын азайтуы, адамдардың өмір сүру сапасын барынша ұзақ сақтайды.
Конференцияға деменция диагнозы қойылған екі жас емделуші қатысты. Олардың біреуі 7 айлығында менингит, энцифалитпен ауырып, 6 жасында баланың бойында дамуында кідіріс байқала бастады. Екінші емделуші 17 жасында бас миы жарақатын алды. Бірнеше жылдан кейін нәтижесінде деменция өрши бастады. Бірақ, өз уақытында көмектесуге болар еді. Уақыт өтіп кетті.
Ауруды алдын алуға бола ма?
Профилактика ретінде дәрігермен кеңесіп, бас миының жүйке жасушаларының алмасу процесін, қан алмасуын жақсартатын, зақымдалған учаскелер мен оттегіде глюкоза деңгейін арттыратын дәрі-дәрмектер қабылдауға болады. Шығармашылық қызметпен, ой еңбегімен айналысу. Кітап оқу, жазу, тоқыма, тігу, сурет салу, гитарада ойнауды үйрену. Бұл саусақтар моторикасын, қозғалыс координациясын жақсартады және бас миында жаңа жүйелер мен байланыстың қалыптасуына септігін тигізеді. Есіңізде болсын, қартайған шағына дейін ақыл-есін сақтайтын адамдар күнделікті өмірлерінде ой еңбегімен айналысатын ғылым мен өнер адамдары болып табылады.
Абай АҚМҰРЗИЕВ.