АТЫРАУДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 75 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

minzdrav nazval regiony kazaxstana s vysokim riskom zarazheniya covid 19 Жаңалықтар

531 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 54 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқас анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданының 6, Индер ауданының 6, Қызылқоға ауданының 1, Махамбет ауданының 3 тұрғынында Covid-19 расталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 98 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта үй жағдайында 642 адам, модульдік ауруханада – 161, №2 облыстық ауруханада – 114, фтизиопульмонологиялық орталықта–46, аудандық инфекциялық стационарларда – 134 науқас ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 76 емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта қалып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз