ЖҮРЕКТЕ ҚАЛҒАН ЖҮЗДЕСУ

Жуырда Атырау Бизнес және құқық колледжінде кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай «Ауғанстан – жүректегі жара» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ауған соғысы ардагерлерімен бірге әскери техникалық мектептің 20 курсанты да қатысты.

 

Кездесу барысында колледжіміздің студенттері саптық дайындық және қоян-қолтық күресінен әдістер көрсетті. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мен Отанын құрметтеуге, ерлік, батырлық ұғымдарының мәнін тереңірек түсінуге арналған кеш ойдағыдай өтіп, соғыс ардагерлерінің де, студенттердің де ойынан шықты.

Ақмарал ҚАЗИЕВА, Бизнес және құқық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз