Жаңалықтар
Жұмыстан бас тартқан ұшқыштар
ГЕРМАНИЯ. Елде жалақысына көңілдері толмайтын ұшқыштар тағы да көтерілді. Lufthansa әуе компаниясының қызметкерлері бірауыздан жұмысқа шығудан бас тартқан.
Нәтижесінде екі күннің ішінде бұл елде екі мыңға тарта рейс кейінге шегерілді. Lufthansa әуе компаниясының жолаушылары екі апта бойы қалаған бағыттарына ұша алмай отыр. Германияда шарасыз қалған 180 мың адам өзге компаниялардың қызметіне жүгінген немесе пойызға билет алуға мәжбүр болыпты.
Ұшқыштар өз құқын соңына дейін қорғауға бел шешіп отыр. Олар соңғы төрт жыл бойы алған жалақыларына 3,7% көтерме ақша қосуды талап еткен. Айталық, қазір Германияда тәжірибелі ұшқыштар жылына 250 мың еуро табыс табады.