Атырауда сайлау учаскесінде байқаушыға неліктен орын берілмеді?

img 20210110 wa0039 Жаңалықтар

«Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы  №8 сайлау учаскесінде «Жастар үні» қоғамдық ұйымының тәуелсіз байқаушысына карантиндік шектеуге байланысты, орын берілмегені белгілі болды. Яғни, байқаушыға арналған орындықтар ғимараттың көлеміне қарай орнатылады» деп хабарлайды Аtr. kz

«Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау қаласы бойынша төрағасы Дәурен Махимовтың айтуынша, учаскелік сайлау комиссиясы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулысын негізге алып, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып дауыс берудің Ережесін бекіткен.

«Санитарлық дәрігердің қаулысы және учаскелік сайлау комиссиясының ережесіне сәйкес, Байқаушыларға арналған орындықтар саны ғимараттың көлеміне қарай қойылған. Ендеше, заң баршаға ортақ. Сондықтан біздің байқаушымыз, бекітілген учаскеге тіркеліп, өз міндетін  орындады.

Біз сайлаудың әділ, заң жүзінде өтуін бақылаймыз. Сондай-ақ, құзырлы тұлғалар тарапынан түскен заңды ескертулер мен талаптарды орындауға міндеттіміз» деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз