Жаңалықтар
Жүгеріден сусын шығарды!
Қызылорда облысындағы шаруа қожалығының жетекшісі Қасым Әбжаппаров жүгеріден сусын шығара бастады.
Оның айтуынша, бұл –елімізде алғаш рет қолға алынған жоба. Сол себептен, оны іске асыру үшін бірнеше жобаға қатысып, 3 миллион теңгелік қайтарымсыз несиені иеленіпті. «Жүгеріде А, В, С, Е дәрумені, калий, магний, қант секілді адам денсаулығына пайдалы элементтер бар. Бұл –өте қоректі, адам организміне сіңімді» — дейді ол.
Шаруа қожалығы шығаратын жүгері сусынының құрамын Қазақ тағамтану академиясының мамандары жоғары бағалапты. Сусынды көршілес аудандар мен Түркістан қаласындағы тұтынушыларға жеткізеді. Алдағы уақытта қарбыз бен қауыннан да сусын шығаруды ойластырып отыр.