Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Үздік журналистерге – лайықты марапат

Биыл Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалы, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны ұйымдастырған мұнай-газ тақырыбына жазатын журналистер арасындағы әдеттегідей конкурс Теңіз кенішін тұңғыш ашушылардың бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Жолдасқали Досмұхамбетовтің туғанына 100 жыл толуына және «Қазақстан мұнайы – ел ертеңіне» тақырыбына арналды.

Үздік журналистерге – лайықты марпапат

Алдыңғы күні байқау қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова қатысып, жүлделі журналистерді құттықтады. Жалпы, ТШО компаниясы үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, биыл байқауға қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе асып түсіпті.

Сонымен, биыл облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов бас жүлдеге үшінші мәрте ие болды. Аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары арасында мұнай тақырыбын жақсы жазған басылым ретінде Жылыой аудандық «Кең Жылой» газеті танылды.

Мемлекеттік тілде жарияланған материалдар авторларының ішінде «Алтын аймақ» газетінің тілшісі Алтынай Берішбаева үздік атанды. Ал, орыс тілді журналистер арасында еңбек ардагері, «Прикаспийская коммуна» газетінің бұрынғы қызметкері Қайырбек Ермұханов бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, телерепортаж номинациясы бойынша «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Виктор Сутягин алдына жан салмады. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында  «24-KZ» телеарнасының меншікті тілшісі Бекен Әлирахим үздік шықты. Ақырында, «Жас қалам» номинациясы бойынша «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің тілшілері Айгүл Ертілеуова мен Ляззат Сәлімова еңбектері еленді. Байқауға қатысқан бір топ журналист ынталандыру сыйлығына ие болды.

Меңдібай  ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Related Articles

One Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button