Зауыттың қосымша тұнба тоғандарында демонтаж жұмыстары басталды
Атырау МӨЗ-де «TAZALYQ» экологиялық жобасына дайындық жұмыстары аясында қолданыстағы ашық түрдегі механикалық тазарту қондырғыларына (әрі қарай — МТҚ) демонтаж жұмыстары басталды. Атап айтқанда, мамандар өндірістік ағынды сулардан босатылған қосымша тұнба тоғандарды демонтаждап жатыр.
Жоба аясында қосымша тұнба тоғандарынан басқа құм тұтқышты, мұнай бөлгішті, жер асты коммуникацияларын, флотаторларды,сондай-ақ салынып жатырған жаңа жабық үлгідегі механикалық тазарту қондырғылардың технологиялық схемасына кірмейтін қолданыстағы МТҚ басқа да объектілерін демонтаж жұмыстарын жасау көзделеді.
Механикалық тазарту құрылыстарын жаңғырту жобасы екі кезенмен жүзеге асырылады: бірінші кезеңде алдын-ала тазарту блогы және ағымдағы жылы іске қосылатын механикалық мұнай шламын құрғататын блок салынады. Екінші кезеңде сарқынды суларды орташаландырғыштар блогын және 2022 жылдың 4 тоқсанында іске қосылатын флотациялық блокты салу жоспарлануда.
Механикалық тазарту құрылыстарын жою көмірсутегі буларының атмосфераға шығуын толығымен жояды.
Жаңа механикалық тазарту қондырғыларының арқасында Жайық өзенінен су алу 10% -ға азаяды, ал тазартылған қондырғының ағынды суларының 20% қайта пайдалануға болады.
«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі