my1

Ет дегенде…

Жаңалықтар СарапTime Экономика

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Төтенше жағдай кезінде Үкімет әлеуметтік маңызы бар тоғыз түрлі тағамға шекті баға белгіледі. Бүгінде облыс орталығында қызмет етіп жатқан сауда нысандарында бұл тауарлардың бағасы тұрақты ма? Белгіленген талаптарды кәсіпкерлер қаншалықты орында­уда? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Қымбатшылыққа жол берілмейді

Атырау қаласындағы с у п е р м а р к е т т е р м е н дүкендерде тауар тапшылығы байқалмайды. Дегенмен, оның бағаларында өсім бар. Мәселен, Ғұмаров көшесінде орналасқан «Ли­дер» супермаркетінде сиыр етінің жауырын бөлігінің бір келісі – 1990, ал төс бөлігі 2250 теңгеден саты­луда. Ал, еттің бұл түріне негізінен шекті баға 1805 теңге деп белгіленген. Сондай-ақ, бірінші санатты жұмыртқаның он данасы 265 теңгеден сатылуы қажет болса, бұл сауда нысанын­да 290 теңгеден ұсынылуда. Нұрсая мөлтекауданындағы «Ярмарка» супермаркетінде де жұмыртқаға осынша баға қойылған. Бұл сауда орнына 15 күннен бері ет сатылымға әкелінбепті. Сатушы оның себебін карантинге байланысты қиындықтардың туындауы­нан деп түсіндірді. Ал, басқа тағамдар дүкен сөрелерінен толықтай орын алған. Бағасы да белгіленген талапқа сай келеді.

«Москва» деп атала­тын дүкенде қарақұмық жармасының бағасы шекті сомадан 95 теңгеге қымбат болды. Сондай-ақ, осы тағамға бірқатар сауда нысанында тапшылықтың бары байқалды. Бұған жеткізушілердің блок- бекеттерде тауарды өткізе алмауы басты себеп болса ке­рек. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабай Қаражановтың айтуынша, бүгінде жергілікті атқарушы орын мәселені ше­шуге жұмыстануда.

Қазіргі уақытта тасымал­даушылармен жұмыс жан­дануда. Екі ел арасындағы к і р і п – ш ы ғ у ғ а р ұ қ с а т қағаздарының реттелуі қ а р а с т ы р ы л у д а . Е г е р кәсіпкер бағаны өсірген жағдайда еліміздің Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, әкімшілік шара алынады, – деді қала әкімінің орынбасары.

Бүгінде осынау талап азық-иелеріне түсіндіріліп, на­сихатталуда. Егер тұрғындар бірінші тұтынатын азық-түлік бағасының өсіміне куә болса, жауапты мамандарға жазбаша шағым қалдыра алады. Осы орайда өңірдегі азық-түліктің негізгі өсімін қадағалауға Аты­рау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жауапты.

– Тұрғындар бағаның өсіміне байланысты 8 701 730 02 22 және 8 701 774 44 84 Whatsapp нөміріне неме­се www.dosmart.kz сайты арқылы шағымын қалдыра алады. Оның негізінде жа­уапты мамандар тексеріс жүргізіп, тиісті шарала­рын қабылдайтын бола­ды. Бүгінде желілерге тұрғындардан шағым түсуде. Құзырлы орын өкілдері бұл бағытта жұмыс жүргізуде. Баға өсіру дерегі растал­са, кәсіпкерлерге алды­мен ескерту беріліп, тиісті шаралар қолға алынады. Қазір оның нақты тетіктері қарастырылуда, – деді Аты­рау қаласы әкімдігінің рес­ми өкілі Әлібек Науаров.

Ет іздеген болсаңыз…

Шекті сомасы көрсетілген тағамдардың тізімінде сиыр еті бар. Соның ішінде жауы­рын, кеуде бөлігінің бағасына шектеу 1805 теңге болып бекітілген. Дегенмен, кейбір сауда нысандарында бұл жеңсік астың тапшылығы байқалады. Сондықтан, жергілікті жер­де тұрғындарды етпен қамту жұмыстарынабасаназараудары­луда. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жәрмеңкелер мен азық-түлік сататын базарлар жабылған соң, мал базарлары мен мал сою цехтарының жұмысына «клиентке дейін жеткізу» әдісі қолға алынды. Бұл жұмыс сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жүзеге асуы тиіс. Осы орайда Атырау қаласының әкімдігі сиыр етін тасымалдайтын кәсіпкерлердің тізімін жариялады. Етті үйге дейін жеткізу әдісі бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Бұл төтенше жағдай кезінде кәсіпкер үшін шығынды жап­паса да, бизнеске қосымша мүмкіндіктер туғызуда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

aprarara

•Сіз не дейсіз? •Сіз не дейсіз?

Мұрат САРМАНОВ,

«Қазақстан Фермерлер Одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы:

ТАҒАМҒА ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

– Қазір етке тапшылық болмау үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағы фермерлермен байланысып, облыс орталығына ет жеткізу басты назарға алынды. Осы ретте бақылау-бекеттердегі кедергілер ашылып, агроқолдау бағытында рұқсат берілді. Көршілес Батыс Қазақстан облыстарының аудандарынан мал та­сымалына арнайы рұқсатнама бермей жатыр. Осы мәселені шешу үшін біздің облыс басшылығы көршілес өңірмен келіссөздер жүргізуде. Ал, дәл қазір Аты­рауда ет мүлдем тапшы дей алмаймыз. Қазіргі мезгіл – малдың қыстан шыққан уақыты. Сондықтан, жер көктеп, төрт түлік қоңданған жоқ. Сондай-ақ, бұл кезең – малдың төлдейтін кезі. Осындай кездер жыл сайын халықты етпен қамтуда аз-мұз қиындықтар тудыруы мүмкін. Алайда, аймақта бұл проблемаға жол бермеу мәселелері қолға алынды. Қолжетімді баға да ұдайы бақылауда. Сондықтан, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

 Жұлдыз КАМАЛОВА,

«Камалов» шаруа қожалығының өкілі:

КӘСІПКЕРЛІККЕ – ЖАҢА БЕТБҰРЫС

– «Сарайшық» коммуналдық базарында бұрын екі-үш сағатта 15 клиентке қызмет көрсетіп, бір малдың етін аз уақытта сату­шы едік. Қазір бір күнде 15-20 клиентке етті үйіне жеткіземіз. Сиыр еті 1800 теңгеден ұсынылуда. Сондай-ақ, сатылымда жылқы еті мен қазы да бар. Бір клиенттің тапсыры­сы 15 келіден жоғары шығады.

Малды «Асыл агро» мал сою цехынан сой­дырып, бөлшектетіп аламыз. Тапсырысты барынша бір мөлтекауданнан жинақтап қабылдаудамыз. Төрт күнде екі жылқы, төрт сиыр етін саттық. Тұрғындар етті өздері таңдап алады. Сондықтан, олардың тарапы­нан ешқандай шағым жоқ. Үйге жеткізіп беру тегін. Бұл біз үшін шығын болғанымен, мұның барлығы тұрғындардың қамы үшін жасалу­да. Карантин уақыты аяқталып, қалыпты жағдайға оралған соң, сауда орнындағы жұмыспен, бұл қызмет түрін де қоса атқаруды ойлап отырмыз. Қазірдің өзінде жаңа клиенттеріміз табылып, тұшпара жасайтын цехтар да сиыр етінің фаршына тапсырыс беруде.

Гүлшат МАҒЗОМОВА,

«Мағзомова» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі:

КӨШЕДЕГІ ТЕКСЕРІС КЕДЕРГІ

– Біздің кәсіпкерлікте үйге жеткізіп беру әдісі бұрыннан бар. Осы арқылы ет сатудың қырларына қанықпын. Қазіргі жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатқан тексеріс ұзақ уақытты алады. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жалғызбасты қарияларға тапсырысты барынша тез әрі тегін апарамыз. Осы орайда бірнеше бекетке тоқтап, по­лиция қызметкерлеріне құжаттарды қайталап көрсетуде біраз уақыт жоғалтамыз. Оны айтпағанда, қала сыртындағы елді мекендердегі тапсырысты жеткізу бір сағат уақытты алады. Сонымен қатар, етті жеңіл автокөлікпен тасымалдауға да рұқсат берілсе деймін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған