Жарнама
Жаңалықтар

ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

 

Зауыттан шыққан өнімдер «Восток-цемент», «Шымкент-цемент», «Арал-тұз», «Казхром», «Қазазот» сынды кәсіпорындардың тапсырысын орындап қана қоймай,  Ресей мен Украина нарығына экспортқа шығарылады.

Бейсенбі күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов аталмыш компанияның   өндіріс жөніндегі жетекшісі Этибар Мамедовті қабылдады. Аймақ басшысын кәсіпорынның бүгінгі тынысынан хабардар еткен ол сұранысқа ие техникалық шпагат пен полипропилен қапшықтарын шығару көлемін ұлғайту үшін «Атырау-Жарық» арқылы 1,5 мегаваттық электр қуатын бере алатын желі тарту мәселесіне көмектесуді сұрады. Бұған барлық құжаттар мен техникалық сараптама  да дайын. Э.Мамедовтің айтуынша, өндіріс көлемі ұлғайған жағдайда қосымша 300 адамды   жұмысқа алуға мүмкіндік туады, әрі бұл өз кезегінде бюджетке біраз түсім береді.

Өндірістің екінші желісін іске қосуға қажетті 40 млн. теңге қаражаттың  15 млн. теңгесін құрылтайшы өз есебінен шығармақшы.

Облыс әкімі жылына 1200 тонна шпагат пен 15 млн. дана полипропилен қап шығаратын зауыттың екінші кезеңін іске қосу үшін қажетті  қаражат пен электр желісін жүргізу мәселесін жуық арада шешуге жұмыстанатындығын айтты.  Сонымен бірге тиісті басқармалар басшыларына тапсырма беріліп, бақылауына алатындығын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button