Атырау мұнай өңдеу зауыты өткен жылды қорытындылады

img 20220325 wa0042 Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты 2021 жылды қорытындылады.

2022 жылдың 16 наурызында Атырау МӨЗ бас директоры Арман Қайырденовтың еңбек ұжымымен есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында қызметкерлерге 2021 жылдың қорытындысы бойынша негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер, кәсіпорынның кадрлық-әлеуметтік қызметінің орындалуы туралы есеп, сондай-ақ 2022 жылға арналған жоспарлар ұсынылды.

Есеп еңбекті қорғау және қауіпсіздік көрсеткіштерін талдаудан басталды. Айта кетейік, есептік кезеңде  АМӨЗ – де бірде-бір жазатайым оқиға,  жарақат тіркелген емес. Нәтижесінде 2021 жылы зауытта өткен ауқымды  COVID – 19-ға қарсы вакцинация негізінде зауыт қызметкерлерінің  90% – дан астамы екпені қабылдады. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері зауыт ұжымының иммунитет деңгейін тұрақты ұстап тұру үшін ревакцинация кезеңі басталған болатын. Бүгінгі күнде зауыт қызметкерлерінің 40%-дан астамы ревакцинацияны қабылдады.

Ал экологиялық көрсеткіштер бойынша 2021 жылы қоршаған ортадағы эмиссияға белгіленген лимиттер өз дәрежесінен асқан жоқ.

Өндірістік көрсеткіштерді бақылауда 2021 жылы зауыт 5 473 мың тонна шикі мұнай өңдеп, жоспарды 101,4% орындады. Осылайша, Атырау МӨЗ жаңа өндірістік рекорд орната алды. Бұл зауыттың мұнай өңдеу жұмысындағы жоғарғы көрсеткіші болып табылады.

Сондай-ақ автобензин өндірісі де 2020 жылға қарағанда 29%-ға артып, рекордты 1 362 мың тонна көрсеткішіне жетті. Бензин өндірісінің барлық көлемі К4 және К5 экологиялық класстарына сәйкес келді.

Сонымен қатар зауыт жұмысшыларына кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері таныстырылды. 2021 жылы “АМӨЗ” ЖШС – нен Қазақстан Республикасының бюджетіне 76,6 млрд.теңгеден аса оның оның ішінде республикалық бюджетке 27 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 50млрд. теңгеге жуық салық түсті.

Кадр жұмысын дамыту мәселелері де қарастырылды, соның ішінде зауыт жұмыскерлерін  оқыту, біліктілігін арттыру, кәсіптікке даярлау және қайта дайындық жұмыстарын жүргізу туралы баяндама берілді. Қызметкерлерді оқытуда 2021 жылғы жоспар орындалғаны айқын болды.

Есеп беру кездесуін қорытындылай келе зауыттың бас директоры ұжымға қол жеткізген жетістіктері үшін алғысын білдіріп, 2022 жылға жоспарланған мақсаттар мен міндеттер туралы тапсырма берді. Атап айтқанда, олар – қоршаған ортаға теріс әсерді азайту, мұнай өңдеу бойынша өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу, қарыздарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау.

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз