Жаңалықтар
ЗАҢСЫЗ ҚАРУ ТАПСЫРЫЛУДА
Қару арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуды көздеген шараны жүзеге асыруға тоғыз млн.теңге бөлінген. Қазірге дейін облыста 35 адам жалпы саны қырықтан асатын атыс қаруын тапсырыпты. Олардың ішінде 1899 жылға дейін жасалған тарихи жәдігерлер мұражайға тапсырылып, қалғаны түгелдей жойылмақ.
— Бөлінген қаржы толықтай игерілгеннен кейін шара тоқтатылады. Сол себепті азаматтар қолдағы тіркелмеген қару-жарақтарын тапсырып үлгерулері қажет,-дейді Т.Усиев.
Мемлекет тарапынан акцияның жүзеге асуына барлық жағдай жасалуда. Жергілікті ішкі істер органдары қызметкерлері қаруын аяқтай келіп тапсыруға мүмкіндігі болмаған тұрғындарға барып, сол жерден рәсімдей алады.
Құралай ОРАЗ.