РУХАНИ СЕРПІЛІС СЫЙЛАЙМЫЗ

Аймақтық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов, облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының директоры Алма Андарбаева және Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының бас режиссері Жанат Телтаев бұқаралық ақпарат қызметкерлерімен баспасөз конференциясын өткізді.

 

Конференцияда Наурыз мерекесінің ұйымдастырылуы және Атырау өңіріндегі мәдени-рухани ахуал кеңінен сөз болды.

Үш күнге созылатын Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың ең мәреге жететін күні – 22 наурыз. Дәл осы күні Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет атындағы алаңда үлкен шара жоспарланып отыр. Қаламыз үлкен болғандықтан, одан басқа тағы да бес жерде Наурыз тойы тойланбақ. Олар – Вокзал маңы ықшамауданындағы Саламат Мұқашев атындағы бульвар, Нұрсая ықшамауданындағы Олимпиада резервтеріне арналған дене шынықтыру және сауықтыру кешені, Балықшыдағы «Аққу» дүкенінің маңы, Авангард ықшамауданындағы «Жеңіс» саябағы, Тұрғындар қалашығы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының жанындағы «Жеңіс» саябағы, – деді Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов.

 

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз