Жарнама
Жаңалықтар

ЗАҢДЫ БҰЗУ БІЛМЕГЕННЕН БЕ?

Партияның саяси доктринасын іске асыруға бағытталған «Стоп, қылмыс!» акциясы басқосудың негізгі тақырыбына айналды. Семинарда аталған бағыт-бағдарға кеңінен тоқталған Атырау қалалық партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Алмаз Шеркешбаев жергілікті жерде жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ал, қоғамдық кеңестің мүшесі Аман Дүйсенғалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы инспекция өкілдеріне кеңірек түсіндірді. Шындығында, күнделікті өмірде қызметкер келеңсіз жағдайға ұрынайын деп ұрынбайды, заң талаптарын білмегендіктен килігеді. Бұл қоғам дертіне қатысты мәселеде тіптен маңызды. Әрине, семинарда сөйлегендердің бәрін атап айтып шығу мүмкін болмас. Бір анығы, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жемқорлыққа қарсы бастамалар көпшілікті бейжай қалдырмай, керісінше, олардан зор қолдау тауып отыр. Жиынға қатынаса отырып, біз осы жағдайға көз жеткіздік.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button