whatsapp image 2021 07 26 at 17.08.58

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ

Жаңалықтар
58 / 100

Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
  1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  2. спа-орталықтары;
  3. моншалар, сауналар, бассейндер;
  4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 
  5. боулинг клубтары;
  6. кинотеатрлар;
  7. театрлар мен филармониялар;
  8. асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  9. асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  10. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  11. облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  12. бильярд клубтары;
  13. концерт залдары;
  14. ерікті қатысушылар;
  15. караоке;
  16. көрмелер;
  17. океанариум;
  18. марафондар;
  19. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  20. әуежайлар;
  21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  22. балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; 
  23. цирктер;
  24. отельдер, қонақ үйлер;
  25. халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  26. темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
  27. (жабық және ашық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері,  сауда желілері;
  28. балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер, (персонал) үшін);
  29. букмекерлік конторалар;
  30. сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
  31. жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін);
  32. спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары.
  33. 2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша жобаға еріктілер ретінде қатысатын сауда объектілері «Ashyq» жобасының қатысушылары болып танылсын.

3. Қоса беріліп отырған:

  1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі;
  2. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
  3. осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
  4.  осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары ;
  5. осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

1) кәсіпкерлік объектілерінде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;

2) күн сайын Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл/сары» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісін тіркеу туралы алдыңғы күнгі мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:

1) осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді;

2) осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды;

3) «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алу үшін жобаға қатысушылардың тізімін айқындауды;

4) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға  қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) арқылы пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;

5) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты, «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімін әкімдіктердің сайтында орналастыруды;

6) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және олардың Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) берілуін;

7) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді; 

9)  12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына және облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға «Ashyq» қосымшасында ерікті түрде, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) арқылы кіруін қамтамасыз етсін;

10) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін;

11) жобаға жосықсыз қатысушылардың QR-кодты өшіруге арналған ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформаға уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін.

6. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:

1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды; 

2)  «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін.

7. «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін.

8. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері шаралар қабылдасын және:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;

2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын;

3) 2021 жылғы 9 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындарының толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсек-орындардың  толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған кезде («қоңыр-қызыл» аймақ) «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі бар объектілерге 00.00 сағатқа дейін, жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеу режиміне рұқсат етілсін;

4) 2021 жылғы 2 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақта әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы қаулының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоса алғанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін демалыс кундері тоқтата тұрсын.

9. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап:

1) орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұрылсын;

2) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

3) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда)  80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталсын; 

4) «Ashyq» жобасынан тыс:

– құрылыс жұмыстарын жүргізуге;

– өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;

– жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт  жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;

– туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.);

– қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметінерұқсат етілсін;

5) «қоңыр қызыл» аймақта демалыс күнінің шектеу шаралары енгізілсін.

10. Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының әкімдері өз құзыретіне сәйкес осы қаулының 11-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле аудандары), Шымкент (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды (Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары) қалаларымен шекаралас аудандарда қатаңдату жөнінде ұқсас шаралар қабылдасын.

11. Тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері «Ashyq» жобасын іске асыру мәселелері бойынша осы қаулыны басшылыққа алады және «жасыл», «сары» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы болмайды.

12. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

13. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

14. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Е.Қиясов,

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері       

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған