Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің иесі еді…

Тамыз кеңесі бұрынғы Дзержинский мен Киров көшелерінің қиылысындағы №25 мектепте өтеді. Жиынды жүргізушінің «Арамызда облыстардан келген мұғалімдер де бар. Кім сөйлегісі келеді?» деген сөзін естіген Рәбиға Құтқожина қол көтеріп, сөз сұрайды.

(Жалғасы. Басы №17 санда)

Сөзінде оқулықтардың кемшіліктерін, балалардың түсінуіне ауыр келетін олқы тұстарын айтып береді. Үзілісте сол оқулықтардың авторлары – Мәулен Балақаев пен Ісмет Кеңесбаев келіп (ол кезде апай оларды танымайды), қаршадай қыздың батылдығына, ойының ұшқырлығына ризашылығын білдіреді. Біраздан кейін Ахмеди Ысқақов келіп, сабырлы қалыппен жас мұғалиманың немен шұғылданып жүргенін, қандай мақсаты бар екенін сұрайды. Ол мұғалімдер институтын бітіргенін, отбасы жағдайына байланысты оқи алмай жүргенін, енді майданнан оралған ағасына отбасын тапсырып, оқығысы келетінін, Мәскеу жақын болғандықтан, сол жақтағы жоғары оқу орындарының біріне құжаттарын тапсырғалы жүргенін айтады.

Ахмеди Ысқақов болашақ академиктің білімі мен алғырлығына тәнті болып, мұғалімдер институтын қызыл дипломмен бітіруіне байланысты Алматыдағы ҚазПИ-дің 3-курсынан бастап оқуға шақырады. З е й і н д і ж а с б ұ ғ а н келісіп, екі айдың ішінде айырмашылықтарын тапсырады да оқуға орналасады. Сөйтіп, Рәбиға апай Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1947 жылы үздік бағамен (қызыл дипломмен) бітіріп шығады. Студент ке зінде-ақ «Қазақ тіліндегі изафет» деген тақырыпта баяндама жасап, ғылымға қабілеті бар жас ретінде танылады.

1 9 4 7 — 1 9 5 1 ж ы л д а р ы осы институттың аспиранты Р.Құтқожина ҚазПИ мен Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» деген пәннен сабақ беріп жүреді. Алайда екі жылдан соң Ермұқан Бекмаханов, Б е к С ү л е й м е н о в , Қ а й ы м Мұхамедханов, Ісмет Кеңесбаев, т.с.с. ғалымдар айыпталып жатқан тұста «халық жауының» қызы ретінде апай да жарты жылдай жұмыссыз жүреді. Бұл ұлт зиялыларының өздерін ғана құртып қоймай, ұрпақтарына жасалған ашық қастандық еді. Осы кезде Әбу Сәрсенбаев Рәбиғаны оқулық шығаратын «Учпедгиз», кейін «Рауан» деп аталған баспаға кіші редактор ретінде жұмысқа қабылдайды. Көп ұзамай, жауапкершілігі мен іске мұқият қарауының арқасында жас қыз редактор, кейін аға редактор, редакция меңгерушісі қызметіне дейін көтерілген. 1957 жылы Тіл-әдебиет институтын кадрлармен толықтырып жатқан кезде қабілет-қарымымен көзге түскен Р.Құтқожина Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтына (қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты) жұмысқа шақырылады. Ғылым жолындагы ізденістерін кіші ғылыми қызметкер ретінде бастаған Рәбиға Сәтқалиқызы бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істейді. Оның диссерта — ция тақырыбын таңдауына, ғылымдағы бағытына, қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуіне Мұхтар Әуезов ықпал еткен. Академик Р.Сыздық сол кезде: «Ғылыми диссертациялар қорғау үшін тақырыптар ұсынылып жатты. Екі-үш айдан соң ғылыми кеңестің отырысы болды. Кеңестің бір мүшесі – Мұхтар Әуезов екен. Сол басқосуда Мұхаң: «Абайдың қара сөздерінде «бармаққа керек», «айтарға дұрыс» деген сияқты сөздер бар. Осы немене? Татар тілінің, әлде шағатай тілінің әсері ме?

Өлеңдерінде де бар ма екен? Осыны зерттемейсіңдер ме? Осыны тақырып етсе, қайтеді?» – деді. Тақырып табу оңай емес. Ұстаздарым – І.Кеңесбаев, М.Балақаев, басқа да тіл мамандары бар: «Дұрыс екен», – деп қолдай кетті. Мен де келістім. Расын айтсам, менің ғылымдағы жолымды ашып, жөн сілтеген де, «Мәдениетті, білімді болу керек, осылай сөйлеу керек» дегенді ұқтырған да, ғылым жолын көрсеткен де – Мұхаң болды», – деп еске алады. 1959 жылы 15-19 шілдеде Қазақ КСР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында «Әдеби мұра және оны зерттеу» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Осы конференцияда Рәбиға Сыздықованың сөзіне тәнті болған М.Әуезов: «Рәбиға Сыздықованың сөзіне конференцияға қатысушылар айрықша риза болды деп санаймын. Оның сөзіндегі бір ерекшелік – тіл мамандары мен әдебиетшілерге қатар айтар орынды, кенеулі ой бар және сол ойды таратып айта аларлық тіл құдіреті мейлінше жеткілікті екендігін аңғартты», – деп ағынан ақтарылады.

Академик Мұхтар Әуезовтен бата алған Рәбиға Құтқожинаның кандидаттық («Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері», 1959), докторлық диссертацияларының тақырыбы ( « Аб а й ш ы ғ а рма л а р ы н ы ң тілі», 1971) Абай Құнанбайұлы шығармашылығына қатысты болды. Абайдың тілі бойынша 3 монография («Абай шығармаларының тілі» (1968), «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971), «Абайдың сөз өрнегі» (1994)), 40 шақты мақала жариялады. 1968 жылы «Абай шығармаларының тілі» атты монографиясы үшін ғалымға Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық берілді. Абай Құнанбайұлының шығармаларын талдау арқылы қазақ әдеби тілінің ХІХ ғасырдағы дамуын сөз етті, ақынның қазақ әдеби тілінің тарихындағы орнын көрсетті.

Абай тілін зерттеген еңбектері мен «Абай» энциклопедиясындағы мақал а л а р ы ү ш і н Қ а з а қ с т а н Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды (1996). Ғалым қазақ әдеби тілінің тарихына әрі қарай дендеп, XV-XIХ ғасырлардағы ақынжыраулардың тілін, қазақ тіліне қатысты ортағасырлық жазба ескерткіштердің тілін зерттей бастады. 1968 жылы профессор Р.Сыздықова М.Балақаев, Е.Жанпейісовтармен бірге «Қазақ әдеби тілі тарихы» атты оқу құралын, 1993 жылы «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деп аталатын оқулығын жазып шықты. Бұл саланы зерттеуде ғалымдар арасында түрлі таластар туып келді. Өзге тілдердің үлгісімен қазақ әдеби тілін де жазумен байланыстырған зерттеушілер б ол д ы . С о н д а п р о ф е с с о р Р.Сыздықова бір тілге тән меже, ұстанымдарды басқа тілдерге де сол қалпында қолдануға болмайтынын дәлелдеп, қазақта жазба әдеби тілге дейін ауызша тараған әдеби тіл болғанын, көрнекті өкілдерін нақты мысалдармен айқындап берді. Қазақ тіліндегі әдеби тілдің өзіндік критерийлерін көрсетіп, XV-XIХ ғасырлардағы әдеби үлгілердің тілдік-көркемдік белгілерін сипаттады, өз тарапынан «қазақтың жазба тілі алдындағы әдеби тілі», «ауызша әдеби тіл» деген терминдерді ұсынды. 2014 жылы жарық көрген еңбегі «Ауызша дамыған қазақ әдеби тілі» деп аталды. Сөйтіп, ғалым қазақ әдеби тілінің тарихы ерте замандардан басталатынын нақты дәйектермен дәлелдеп берді.

Тәуелсіздік алып, ұлттық құндылықтарымызды қайта бағалап, рухани мұрамызды түгендеп жатқан кезде ғалым ап а й ы м ы з Қ а д ы р ғ а л и б и Қосымұлының «Жамиат тауарих» атты шежіресінің тілін жан-жақты зерттеді. Әділдікті ұстаным еткен Р.Сыздықова XVI ғасырда жасаған, жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлының шығармасын татарлар иемдене бастаған кезде «Қосымұлы қазақ болса, Оразмұхамед ханның қасында талай жыл бірге жүрсе, өзі би болса, неге тек татарларға тән болуы керек?» деген ойға келіп, қазақтың ескі тіліндегі араб графикасымен жазылған дүниені алғаш рет қазіргі графикамызға түсіріп, транскрипциялайды. Ғалым орта ғасырларда түркі халықтарында ортақ кітаби тіл болғанын ескертіп,  Қ.Қосымұлының еңбегі сол ортақ тілде жазылғанын, ішінде қазақ тіліне тән қолданыстар, тұрақты тіркестер мол екенін, қазақтың рухани мәдениеті, салт-дәстүріне қатысты тілдік бірліктердің көптігін нақты айғақтармен ыспаттаған («Язык «Жамигат тауарих» Жалаири»).

Қазақтың салт-дәстүрі, этнографизмдер (балдызлай берді, йеңгәлете алды, хатун айырды, қыз айттурды), жекелеген сөздер мен мал атауларына (мал, ат, улағ, йылқы, туар қара, ахта ат, сығыр, бузағу, қой, төуә), дыбыстық алмасуларға, т.с.с. талдау жасай отырып, шежіре тілінің қазақ тіліне жақындығын дәлелдеп шықты. 1992 жылы тарихшы ғалым М.Қойгелдиевпен бірге тарихи, тілдік деректермен толықтыра отырып, еңбекті жоғары оқу орындарында оқытуға лайықтап қазақ тілінде жариялады. Қазақ, орыс тілдерінде қатар ұсынған о сы еңбегі арқылы ғалым бірнеше буын ұрпақтың рухын көтеріп тастағаны белгілі. Екі тілге де жетік апайымыздың бұл еңбектерін қайталап оқып отырып, ғалымның ғылымға, ана тіліне, өз ұлтына деген сүйіспеншілігіне тәнті боламыз.

Қазақтың рухын асқақтатар, намысын оятар нақты дәлелдері еріксіз таңдай қақтырады! Бұл бағыттағы зерттеулерін әрі қарай жалғастырып, қазақ әдеби тілінің тарихына (ХІІ ғасыр) хронологиялық тұрғыдан дендей енген профессор Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметінің» тілін зерттеуге кіріседі. XVIII ғасырда Самарқан қаласынан табылған қолжазбаны ХІХ ғасырдың аяғында Залеман деген орыс ғалымы Петербургке алып кетуіне байланысты Кеңес Одағы кезіндегі ең көне қолжазбаның фотокөшірмесін алдырып, қазіргі жазуға көшірген. Қолжазбаның тілін, көркемдік, лексикаграмматикалық ерекшелігін, текстологиясын зерттеп, 2004 жылы 75 баспа табақтан тұратын «Яссауи «Хикметтерінің» тілі» атты ғылыми монографиясын жариялады. Әдетте қандай да бір еңбек жазуда белгілі бір тақырып аясында қызмет етіп, жобаға сәйкес тапсырма негізінде мақалалар мен зерттеу еңбектері жазылады.

Ал апайдың ғылымға деген сүйіспеншілігінің арқасында бірқатар еңбектері мүлде қаржыландырылмаған. Апай ол тақырыптарды қандай да бір тапсырманы орындау үшін емес, жанының қалауы бойынша жазған. Бүгінгі таңда тарихи лексикология бойынша жоғары оқу орындарында бірден-бір оқу құралы ретінде пайдаланылып жүрген «Сөздер сөйлейді» атты еңбек – Рәбиға апайымыздың хобби ретінде айналысқан з е рт т еул е р і н і ң н ә т и же с і . Кітаптағы бүгінде түсініксіз болып жүрген сөздерді, тіркес, қос сөздердің құрамындағы жекелеген тілдік бірліктерді талдауы бөлек әлемге түсіріп жібергендей әсер қалдырады. Тіліміздің сырына, терең тұңғиығына әрі қарай да барлап, дендей түсуге талпындырады. Соны талдаулар жасай отырып, Махамбет шығармаларында, Абай туындыларында қате басылып, жаңсақ түсіндіріліп жүрген сөздердің сырын ашады.

Махамбет жинақтарында лауазым (Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шақыртып) сөзінің қате жазылып, қате түсіндіріліп келе жатқанын айта келіп, ақын өлеңінің 1908 жылғы Қазан басылымында бұл сөздің луазун (نۋضاۋل (түрінде жазылғанын тілге тиек етеді, бұл сөзді уәзін «дауыс, үн, зар (әуез)» мәнін білдіретін араб сөзі ретінде сипаттайды. Сонда ақын «дауысын көкке жеткізіп, зарлатып» деген мағынадағы өлең жолын ұсынған болып шығады. Сонымен қатар ғалым сой, аяр, қом сулар, ереуіл, т.с.с. сөздерді де осылайша талдайды.

Орынай ЖҰБАЕВА,

шәкірті, филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы. Алматы қаласы

(Жалғасы бар)

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button