Атырау теміржол вокзалында оқу-жаттығу шаралары өткізілді (+ФОТО)

IMG 20190522 165241 Жаңалықтар

Atr.kz/24 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласындағы теміржол вокзалында жұқпалы тырысқақ (холера) ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда жедел әрекет ету бойынша оқу-жаттығу шаралары өткізілді.

Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған бұл шарағаоблыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау  Департаментінің өкілдері, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының және қалалық темір жол ауруханасының  дәрігерлері, желілік полиция бөлімі және  дезинфекция  мамандары қатысты.

Оқу-жаттығу барысында, вокзалға тоқтаған №314 «Маңғыстау-Атырау» поезының №5 вагонындағы бір жолаушы жолсеріктен медициналық көмек сұраған. Ескене станциясынан өткеннен соң жолаушының жағдайы нашарлап, шөлдеу, әлсіздену, бұлшық еттерінің ауруы, жүрек айнуы, лоқсып құсу, іші ауруы шағымдары бойынша науқасқа алғашқы медициналақ көмек көрсетіліп, аурудың белгілеріне қарап оған «тырысқақ» деген диагноз қойылды.

IMG 20190522 165543

Поезд Атырау станциясына тоқтағанда оны алдынан арнайы медициналық көліктер мен басынан аяғына дейін ақ киіммен тұмшаланған дәрігерлер күтіп алды. Жолаушылардың бәрі түскен соң тырысқақ ауруына күдікті анықталған №5 вагонның айналасына желілік ішкі істер бөлімшесінің қызметкерлерімен шектеу шекарасы қойылды.

Алдымен вагонға кеңесшілер тобы кіріп, науқастың клиникалық шағымдарына қарап  оған қойылған «тырысқақ» диагнозы расталды. Екінші болып вагонға эпидемиолог-дәрігерлері мен зертхана мамандарынан құралған эпидемиологиялық топ кіріп, олар науқастан эпид-анамнез жинап, індетке қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Науқасты оқшаулауға ауруханаға жолдама береді. Келесі кезекте вагонға фельдшерлер мен санитарлардан жасақталған эвакуациалық топ кіріп, науқасты зембілге салып, жедел жәрдем көлігіне жеткізеді.

IMG 20190522 164443

Одан әрі науқас Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуға жіберілді. Науқас жөнелтілген соң, вагонға дезинфекция тобы кіріп қорытынды залалсыздандыру шараларын жүргізді.

Шара аяқталған соң оқу-жаттығу  және ұйымдастыру жұмыстарына талдау жасалып, қорытындысында мамандар дайындығы «жақсы» деп бағаланды. Осы оқу-жаттығу жұмыстары арқылы арнайы ұйымдардың аса қауіпті, әрі жұқпалы «тырысқақ» ауруының ошағы пайда болған жағдайдағы шұғыл атқарар әрекеттері тексерілді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

IMG 20190522 162714
IMG 20190522 162924
IMG 20190522 162951
IMG 20190522 163819
IMG 20190522 163931
IMG 20190522 164107
IMG 20190522 164150
IMG 20190522 164307
IMG 20190522 164310
IMG 20190522 164422
IMG 20190522 164449
IMG 20190522 164616
IMG 20190522 164624
IMG 20190522 164706
IMG 20190522 164945
IMG 20190522 164954
IMG 20190522 165005
IMG 20190522 165013
IMG 20190522 165126
IMG 20190522 165146
IMG 20190522 165231
IMG 20190522 165245
IMG 20190522 165342
IMG 20190522 165353
IMG 20190522 165448
IMG 20190522 165453
IMG 20190522 165548
IMG 20190522 WA0010
IMG 20190522 164639
IMG 20190522 163803 1
IMG 20190522 163041
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз