Атырауда мұнай өнімдерімен ластанған аумақ тазартылады

210214212849821e Жаңалықтар

Атырау қаласында мұнай өнімдерімен ластанған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылады.

«Қазақпарат» хабарлағандай, облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір станция аумағында арнайы техникамен тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып, ластанған топырақ пен қалдықтарды бетондалған бассейндерге жинап, кейін шығарады. Аталған мерзімге дейін станция аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс қадағаланатын болады» – дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз