ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПФ) Орталық Азия бойынша офисінің директоры Николай Ботевпен кездесті.
Кездесуге аталмыш қордың Қазақстан Республикасындағы атқарушы өкілі Р.А.Сисемәлиев, сонымен қатар Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатының артуындағы елеулі үлесін атап өтті. Ол өз сөзінде Қазақстанның мемлекеттік органдары мен БҰҰ Қоры арасындағы әріптестікті, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің және Мемлекет басшысы жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы жұмыстарын оң бағалады.
Одан әрі Мемлекеттік хатшы 2014 жылы қордың мемлекеттік органдармен арадағы өзара іс-қимылдарының: отбасын жоспарлаудың маңызды бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асқанын, әйелдер мен жастардың, көшіп келушілер мен оралмандардың денсаулығын репродуктивті түрде қорғаудың қамтамасыз етілгендігін, денсаулық сақтау жүйесіндегі гендерлік зорлық-зомбылыққа шұғыл тосқауыл қоюдың жолға қойылғандығын, мемлекеттік қызметкерлерді тұрғын халық саласындағы және дамуындағы мәселелермен таныстырудың табысты болғанын атап көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының аясында халықтың әлеуметтік тұрмысының көкейкесті шешу мәселелері қызметін одан әрі жалғастыру туралы келісілді.