Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

«Қызыл кітапқа» енген қалашық

Көне Атырау қаласын Тұрғындар қалашығынсыз (Жилгородок) елестету мүмкін емес. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнайшыларға арналып алғашқы ақ үйлер салына бастады. Ел экономикасының еселенуіне зор үлес қосқан мұнай өңдеу зауыты да аталмыш қалашықта іргетасы қаланып, іске қосылды. 1943 жылдан бастап қалашық өркендей бастады. Аймақтың кәдімгідей дамыған инфрақұрылымы қалыптасты.

«Қызыл кітапқа» енген қалашық-2

Гурьев қаласының халқын сумен қамтыған жалғыз мұнара да осы мөлтек ауданда болған. Бір қызығы, мұнара қазірге дейін сол күйінде сақталған. Бүгінде көненің көзіндей болып тұрған мұнараның биіктігі – 20 метр (суретте. — авт.). Ғимарат кішкене қызыл кірпіш тастардан тұрғызылған. Сәулетшісі – А.В.Арефьев. Кейіннен ол – Севастопольдің бас архитекторы болды. Мұнараның ерекшелігі – үш қабатты дөңгелек тәрізді. Төбесі тегіс. Кірпіш тастардың сырты әрленбеген. Әр қабаты темір баспалдақпен байланысқан. Бір қабатында су толы бак тұрған.

«Қызыл кітапқа» енген қалашық

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мамандарының мәліметі бойынша, сәулетші Александр Арефьев Ресейден Архитектура институтын бітіріп, 1936 жылы алғаш рет Орта Азияға барған болатын. Арефьев қатысқан экспедиция Бұқар, Самарқан, Ташкент қалаларын аралады. Арефьевтің барлық саяхаттары мен жұмыстары Гурьевтегі Тұрғындар қалашығындағы жаңа жобаның негізі болды. Мұнда жобаның және құрылыстың технологиясы, Шығыстың ағымы көрінеді. Сәулетші  ыстық Каспий маңы климатына сәйкес, жайпақ шатырлы тұрғын үй жобаларын, жұмыс сызбаларын, сұлбасын дайындады. Тұрғын үйлердің биік айвандары (желді ұстап тұратын шатыры бар балкон) бар, ол ыссыны басады, үйді желдетіп, көлеңкелейді екен.

Ал, саябақ Жайық өзенін қоршап өтетін тұщыланған жерде жобаланған үйлер аса құнарлы емес жерлерде орналасқан. Сөйтіп, аса дәлдікпен жоспарланғандықтан, ғимараттар желден жақсы қорған болған, бұл жерде шаң көтерілмеген. Ашық жерлерге асфальт төселіп, шөп жабылған. Саябақ алдында үлкен кітапхана, театры бар әкімшілік, сауда және мәдениет орталықтары орын алған.

«Тұрғындар қалашығы (Жилгородок) 1943 жылдың күзінен бастап 1957 жылға дейін салынды. Алғашқы салынған ғимарат пошта болатын. Ерекше құрылыста салынған үйлер қолайсыз, шаң, желді Каспий маңы климатына бейімделген.  Өте ыстық кезеңде де Тұрғындар қалашығында басқа жерге қарағанда 1-2 дәрежеге салқынырақ болған» деп еске алады «Ақ қала» естелігінде Софья Виноградская.

 

Валентин  ТАРАБРИН,

«Көне  тұрғындар

қалашығының  аңыздары» кітабында:

«Қалашық емес, кішкене Швейцария»

«Тұрғындардың жаяу жүретін бөлігі және автожолдар аймағы кішкене өзара қиылысқан жеті көше бойында жатты. Ал, көшелер, үйлер арасында бақшалы аймақтар, көгалдар болатын. Шырақ бағандарымен және шырақ тізбектерімен өрнектелген Сталин орталық даңғылы (кейінірек Әуезов) «Три грации» («Үш сымбат») фонтаны бар жеңіс алаңымен  мұнай өңдеушілердің мәдениет үйімен жалғасқан.

Бұл жерді кейде «кішкене Швейцария – жұмақтың бір бөлігі» дейтұғын. 1982 жылы ерекше архитектуралық құрылыс жұмысы үшін зауыт аймағы (Тұрғындар қалашығы) республикалық мәні бар тарихи ескерткіш статусын алып, «Қызыл кітапқа» енгізілді.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Суреттерді  түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button