Павлодарлық полицейлер өмірлерін қатерге тігіп балалар толы автобусты жол апатынан құтқарып қалды (видео)

1601527 Жаңалықтар

Павлодар облысында полицей автокөлігі ішінде 18 бала бар автобусты жол апатынан құтқарып қалды. Автобус қарсы бетте келе жатқан КамАЗ жүк көлігімен соқтығыса жаздаған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

1601527

Оқиға бүгін, 17 ақпанда Павлодар-Астана тас жолы бойында сағат 10.50 шамасында болған. КамАЗ жүргізушісі 1967 жылы туған ер адам ішінде 18 жас спортшы бала бар автобус келе жатқан қарсы жолаққа шығып кетеді. Балалар Баянауылдан Павлодарға шаңғы жарысына қатысу үшін келе жатқан екен.

Баянауыл аудандық полиция басқармасының қызметкері, 1978 жылы туған Мұрат Нұрсейітов балаларды құтқару үшін өзі отырған “Лада Гранта” автокөлігін КамАЗ-дың алдына тосқан. Нәтижесінде автобустағы балалар да, ересектер де зардап шеккен жоқ. Полиция автокөлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Оның серіктесі полиция сержанты Баянбек Жүнісов бас ми жарақатын алып ауруханаға жатқызылды.

КамАЗ жүргізушісі апат кезінде зардап шекпеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, полицейлердің екеуі де қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір оқиғаға кінәлілер анықталып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз