Қысқа дайынбыз ба?

yis a dayyinbyiz ba Жаңалықтар

«Атырау жылу-электр орталығы» мен «Атырау жылу жүйелері» акционерлік қоғамдарында 2017 жылы қандай инвестициялық бағдарламалар іске асырылды?

????????????????????????????????????

«Атырау жылу-электр орталығы» АҚ президентінің міндетін атқарушы Мақсот Әленовтің мәлімдеуінше, былтыр мұнда 72 млн. 415 мың теңгенің жұмысы орындалған. Оның 25 млн. теңгесі өндірісті ұлғайтудың төртінші кезегіндегі жылу қондырғыларын сатып алу мен монтаждауға жұмсалған. Бұл кәсіпорында отын ретінде пайдаланылатын табиғи газды үнемдеуге, сондай-ақ, жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, өткен жылы қосымша сорғылар, электроқозғалтқыштар, мазут құятын резервуарлар алынып, түтін жүретін тұрбалар реконструкциядан өткізілді.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның белгіленген өндірістік қуаттылығы 414 МВт-ны құраса, ал, нақтысы, яғни іске қосылып отырғаны 342 МВт шамасында болып отыр. Оның үстіне, әрбір жылдың жазында мұндағы электр стансасында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сол уақытта өнімділік көрсеткіші тағы да 60 МВт-ға төмендейді. Осылайша, биыл әсіресе, жаздың ортасында электр энергиясын тұтыну көлемі бұрынғыдай 10 пайызға емес, бірден 30 пайызға өсіп кеткен.

Ал, «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин Шамшатовтың айтуынша, өткен жылы 673 млн. теңгені құрайтын 7 шара орындалған. Бұл қаражаттың басым бөлігі 2016 жылы басталған, төртінші кезектегі магистралды жылу желісі (көлденең қимасы 720 мм, ұзындығы 1940 метр) құрылысын одан әрі жалғастыруға бағытталған. Осы жоба іске қосылғаннан бері қаладағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі жылу қуатын беретін екі негізгі тәуелсіз қуаттандыру көзінен қоректендіріле бастады.

Қаланың бірқатар мөлтекаудандарында ескірген жылу трассаларын жаңарту жұмыстары жалғасып, ұзындығы 7,4 шақырым жылу құбыры пенополиуретан материалымен қапталыпты. Жылу жүйелерінің кезекті жылыту маусымына дайындығы 92 пайызды құраса, жоспарланған жұмыстар қыркүйек айының 25-іне дейін толықтай аяқталады деп күтілуде. Қазіргі уақытқа дейін облыс орталығында 867 көппәтерлі үй орталықтандырылған жүйеден жылу алып келсе, биыл олардың саны 941-ге дейін ұлғаяды.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз