Балықшы және Жұмыскер ауылдық округтері қалаға қосылады

e1517913132264 Жаңалықтар

Биыл Балықшы және Жұмыскер ауылдық округтері таратылып, қалаға  қосылмақ. Алайда, тұрғындар тұрмысын жақсарту, әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек. Бұл туралы Балықшы ауылдық округінде өткен есепті жиын барысында белгілі болды. Нақты тапсырмалар жүктелген жиналысқа Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Нұркенов қатысты.

Балыкшы

Ауылдық округ әкімі Ернар Өтешқалиевтың айтуынша, жыл сайын жүзеге асқан игі істер қатары артып келеді. Пайдалануға берілген әлеуметтік нысандар мен жүргізілген инфрақұрылым мен жарқын жобалар тың бастамаларға жол ашты.

«Былтырдан бері Көкарна ауылынан дәрігерлік амбулатория ашылып, науқастарды қабылдауда. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандар қатары толықты»,-деді Ернар Есентемірұлы.

Қала әкімі Серік Шәпкенов Балықшыда тоғыз көшеге заманауи диодты жарықтандыру жүйесі жүргізілетінін атап өтті.

«Құрсай, Водников, Ақжайық ауылынан 280 орындық үш балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Сонымен қатар, Көкарнадан 25 келушіге арналған жанұялық-дәрігерлік амбулаторияның құжаты дайындалуда»,-деді Серік Жамбылұлы.

Еңбек ардагері Қали Әубекеров кәріздік тазалау жүйесін салу жайын көтерді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолын салу, жол кедергілерін орнату мәселесіне қатысты ұсыныстар айтылды.

Айбөпе САБЫРОВА

Фото admir.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз