
«WorldSkillsAtyrau — 2025» сайысы басталды
Атырауда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған «WorldSkillsAtyrau — 2025» чемпионатының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Байқауға Атырау облысындағы 20 колледжден 170-тен астам студент қатысып жатыр. Олар 44 құзыреттілік бойынша сынға түспек. Чемпионат 27-29 мамыр аралығында облыстағы 10 колледж базасында өтеді.

–Биылғы чемпионат – өңірде оныншы рет ұйымдастырылып отырған айтулы дода.
Басты мақсат – жастардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, білікті кадрлар даярлауды насихаттау және өндірістік әлеуетті күшейту. Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты биылғы чемпионаттың маңызы ерекше, — деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиева.

Салтанатты жиын WorldSkills әнұранымен қорытындыланып, марапаттау рәсіміне шақырумен аяқталды.