![«Дауыс беру – азаматтық міндетім» 1 screenshot 1 9](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/11/screenshot_1-9.png)
Жаңалықтар
«Дауыс беру – азаматтық міндетім»
Ел өміріндегі маңызды саяси шара Атырау қаласындағы №256 сайлау учаскесінде салтанатты түрде басталды. Учаскелік сайлау комиссиясыныңтөрағасы Анар Егізбаеваның айтуынша, учаскеде 1888 сайлаушы бар. Олардың ең жасы әдеттегіше 18-де, еңқарт сайлаушының жасы – 75 жаста. Үйден дауысберетіндер саны – 9 адам.
Саяси науқанға келген алғашқы дауыс берушілердің бірі Ғалымжан Қабылхамитов «дауыс беру – ел азаматы ретінде басты міндетім, парызым»деп есептейді.
–Қазақстандықтар жаңадан сайланатынПрезиденттен үлкен үміт күтіп отыр. Мен де ел үшін, халық үшін жақсы өзгерістер болады деп күтемін, — дедіол.