Жарнама
Жаңалықтар

«WorkShop» таргет бағыты бойынша тегін практикалық сабақ өтті

Атыраудағы «Atyrau Intellectual Youth» жобасы аясында кәсіпкер және таргетолог Жанболат Ізімғұтовтың жетекшілігімен таргетинг және маркетинг бойынша тегін практикалық сабақ өтті. Бұл іс-шара жастарды кәсіпкерлікке және интернет маркетингтің маңызды аспектілеріне үйретуге бағытталған.

Сабақ барысында Жанболат Ізімғұтов таргетинг пен маркетинг бойынша жинақтаған білімдерімен қатысушылармен бөлісіп, қазіргі заманғы бизнес үшін қажетті дағдыларды түсіндірді. Ол онлайн жарнаманың тиімді жолдарын, әлеуетті клиенттерге қалай жету керектігі туралы кеңестер беріп, әлеуметтік медиа арқылы бизнесті қалай дамытуға болатынын нақты мысалдармен көрсетті.

Сонымен қатар, спикер бизнес ашудың алғашқы қадамдарын қалай дұрыс жасау керектігі туралы айтып өтті. Ол қатысушыларды қай салада кәсіп бастаудың ең тиімді екенін және оны қалай тиімді басқаруға болатынын түсіндірді. Жанболат Ізімғұтов кәсіпкерлік жолында кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектесетін практикалық кеңестер мен стратегияларды ұсынды.

Практикалық сабақ соңында қатысушылар өздеріне қажетті әрі қызықты ақпараттарды алып, спикерге алғыстарын білдірді. Олар бұл сабақтың бизнеске деген көзқарастарын өзгерткенін және болашақта өз кәсіптерін бастауға деген мотивацияны арттырғанын атап өтті.

Жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асты. «Жеті Жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен бұл шара жастарға өз әлеуетін ашуға, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, бизнес әлемінде табысқа жетуге жол ашады.

«Atyrau Intellectual Youth» жобасы аясында осындай практикалық сабақтар жастардың кәсіби дамуына және жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button