Жарнама
Жаңалықтар

WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды

Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл. WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды. Енді қолданушыларды белгілі бір топқа оның рұқсатынсыз қосуға болмайды.

photo 54079

Жаңа функцияны бұғаттау бөлімінен көруге болады. Онда топқа қосуға қай қолданушының құқығы бар екенін белгілеуге болады. Қолданушы топқа біреуді қосқысы келген жағдайда екінші қолданушыға өтініш келеді. Басылымның мәліметінше, бұл функция бастапқыда Android смартфондарында, кейін ғана iOS қосымшаларында пайда болады. Мұның алдында мессенджерде өшірілген хабарламаны оқудың әдісі айтылған еді. Мессенджердегі өшірілген хабарламаларды қалпына келтіру механизмі чаттағы резерв көшіру функциясы арқылы жүзеге асады, бұл функция қосымшаға әуелден енгізілген. Өшірілген хабарламаны оқу үшін қосымшаны өшіріп, қайтадан орнату қажет екен.

Дереккөз: «Российская газета»



Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button