Атырау әкімдігі Жайықтағы зерттеу жұмыстарын бақылауға шақырды

20190328144758 48112 Жаңалықтар

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысының Азаматтық орталығында өткен дөңгелек үстелде ғылыми бірлестік өкілдері, қоғам белсенділері және БАҚ Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу мәселесін талқылады.

Жайық-Каспий Орxус орталығының Өңірлік координаторы Шынар Ізтілеуовакездесудің мақсатын айқындады: пікір алмасу, оқиғаға қатысты жұртшылықтың алаңдаушылығын туындататын мәселелерді түсіндіру, әрі қарай әрекет ету үшін тиісті шараларды нақтылау.

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиевөткен жылы Орxус орталығымен бірге Жайық пен Қиғаш өзендерінің түптерін тереңдету бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілгенін атап өтті. Бүгінгі балық өліміне қатысты мәселе де қоғамның бақылауында.

– Мемлекеттік саясат мемлекеттік органдардың есептілігін дамытуға, барлық үдерістердің ашықтығына бағытталған. Сондықтан, аса маңызды мемлекеттік жобаларды біз қоғамдық бақылауға алуға ұмтыламыз. Біз жұртшылықтыңталқылауға белсенді және сындарлы қатысқанын қалаймыз,– деді Жасұлан Бисембиев.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қатысушыларды өз пікірлерін білдіріп, жаппай балық өлімінің алдын-алу шаралары бойынша ұсыныстарберуге шақырды.

Сауалдар мен ұсыныстар көп болды. Ең бастысы-балық өлімінің себептерін айтып, кім кінәлі екенін анықтау. Әзірге бұл сауалдарға ешкім тұщымды жауап бере алмай отыр.

20190328144817 64165

Қазір Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің екі бабыбойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын білесіздер. Сот сараптамалары тағайындалды. Сәуір айында тергеу нәтижелері жарияланады деп ойлаймын, – деп түсінік берді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Садыбекұлы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жайықты жан-жақты зерттеу үшін облыстық бюджеттен 80 миллион теңге бөлінді. Ол қалай өткізілуі тиіс, не нәрсеге алдымен көңіл бөлу қажет, бұнымен кім айналысады Бұл не үшін жасалуы керек, бұған кім баса назар аудару керек? Билік жұртшылықты осы жұмыспен айналысатын әлеуетті мердігерлерге қойылатын талаптарды қалыптастыруға белсене қатысуға шақырды.

Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өзен суының сапасы және оның адам денсаулығына қауіпсіздігі туралы күн сайын есептержариялауды ұсынды.

Бүгін осындай мүмкіндік бар. http://atpress.kz ақпараттық сайтының «Атырау қоғамдастығы» арнасында кез-келген адам Жайық өзенінің су сынамаларының зертханалық талдауы бойынша апта сайын толық ақпарат ала алады. Зертханалық талдау негізгі иондар, биогенді, органикалық заттар мен ауыр металдарды қоса алғанда, су сапасының 41 көрсеткіші бойынша жүргізілді.

Біз ештеңені жасыруға мүдделі емеспіз, біз осы жағдай бойынша объективті ақпарат алуға мүдделіміз. Бәріміз осы аймақтың тұрғындарымыз, осы суды ішіп жатқандықтан, біздің болашағымыз баршамызды алаңдатады, – деді Жасұлан Бисембиев.

Балық өнеркәсібінің ардагері Бостан Сүлейменов Жайық-Каспий бассейніндегі балық популяциясының жағдайы туралы өз пікірін білдірді.

Балық аулау лимитін бөлу мәселесін қайта қарау қажет. Азайту бағытында. Әрине, ғылыми ұсынымдар негізінде. Бүгінде бұл мәселені шешу қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарласу керек. Балықтың өліміне қатысты жағдай жалпы қорға әсер етпейді деудің қисыны жоқ, – дейді Бостан Сүлейменов. -Балық қорларын көбейтуді қамтамасыз ету үшін жас балықтарды құртып алмау қажет. Бұл үшін таяудағы үшжылда уақұяшықты тормен балық аулауға тыйым салу қажет. Бұндай тәжірибе Жайықта көксерке мен раушанның күрт азайғанда қолданылған болатын.

Қоғамдық тыңдау барысында облыста балық аулау мәселесін білетін қызметкерлердің жетіспеушілігі туралы айтылды. Шындығы сол – бұл салада, кәсіби дайындалған мамандар, алдымен, ихтиологтар жетіспейді. Соңғы екі жылда облыс әкімдігі өңірге қажетті мамандарды даярлау үшін білім гранттарын бөліп келеді. Биыл балық шаруашылығы саласына қажетті мамандарды даярлауға гранттар бөлу туралы шешім қабылданды.

20190328144837 83358

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар мен ұсыныстар жасақталды. Мәселен, өзенді зерттеуге міндетті түрдее қоғамдық сарапшыларды тарту және халыққа есеп беру. АМӨЗ-дің Жайықты ластану жағдайына ықтимал әсерін анықтау. Балық популяциясын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ең басты шараларды анықтау. Өзен суының жай-күйі, «АтырауСуАрнасы» ЖШС-ның ауыз суы сапасы туралы ақпаратқа толық және уақтылы қолжетімділік болуы қажет. Сондай-ақ, қоғамдық белсенділер Жайық өзеніндегі зерттеулер жұмысы барысында бағдарламалар мен жобаларға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуын мониторинг жасайтын жұмысшы топқұруды ұсынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз