WhatsApp-та жойылған хабарламаларды оқудың әдісі анықталды

3684043 Жаңалықтар

WhatsApp мессенджерінің бір ерекшелігінің арқасында басқа адам жойған хабарламаны оқуға болады. Жойылып кеткен хаттарды қалпына келтіру әдісі туралы Mirror басылымы жазды.

3684043

Хабарламаны қалпына келтіру механизмі WhatsApp қосымшасында автоматты түрде орындалатын хат-хабарлардың көшірмесін резервке сақтау функциясына негізделген.

Хабар алмасып отырып, кей жазбалардың жойылғанын байқасаңыз, оларды оқу үшін әуелі WhatsApp қосымшасын жойып, қайта орнатыңыз. Сол кезде хаттардың толық архиві қаз қалпында шыға келеді, WhatsApp бұрын келген хабарламаларды жойылды деп көрсете алмайды.

Бұл әдіс іске асу үшін резервке сақталған көшірме жаңартылмауы (әдетте тәулігіне бір рет түнде автоматты түрле орындалады) тиіс, сонымен қатар құрылғыны да сөндіріп қоспаған жөн. Сол кезде бұл амал барлық құрылғыларда орындалады.

Айта кетсек, WhatsApp мессенджерінде жіберген хабарламаңызды бір сағат ішінде өшіріп тастай аласыз.

Бұған дейін сервис хабарламаларды басқа адамдарға таратуды бес ретке дейін шектеген болатын. Бұл жаппай хабар таратуды реттеу мақсатында іске асырылған шара еді.

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20190130/9076636/whatsapp-joiylgan-habarlamalar-qalai-oquga-bolady.html

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз