Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев твиттерде қандай жазбалар жазады?

0355838cc642b146bd2d Жаңалықтар

Atr.kz/ 27 наурыз, 2019 жыл. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының твиттер парақшасында қандай пікірлер жазатынын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев твиттерді күнделікті қолданатын саясаткерлердің бірі. Ол парақшасында өзінің азаматтық көзқарасын көрсетіп келеді. Оның 111 мыңнан астам оқырманы, 5 935 жазбасы бар.

9945286be45c9a027ae3

Президент 137 адамды оқиды. Олардың арасында қазақстандық және шетелдік саясаткерлер, БАҚ парақшалары және халықаралық әртүрлі ұйымдардың ресми парақшалары бар. Саясаткер актер Леонардо ди Каприоға, АҚШ президенті Дональд Трампқа және оның әйелі Мелания Трампқа, Бил және Хиллари Клинтондарға, миллиардер Билл Гейтске, Барак Обамаға жазылған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің жазбаларын үш тілде бірдей жариялайды. Көбіне өзінің ресми кездесулері мен Сенаттың талқылауындағы мәселелер туралы жазған.

c3e648a40fe5c2ba929d

Ол қазақстандық спортшылар мен өнер иелерінің жетістіктері туралы да жазып тұрады. Мәселен, актриса Самал Еслямованың «Азияның үздік актрисасы» атануын қуана жеткізген.

d5b2b4efb95c9cd3b8d4

Экс-сенатор барлық мерекелерде Қазақстан халқын өз атынан үш тілде құттықтайды.

9fa6b4046ed7e8364547

Және өзі туралы ресми БАҚ-та жарияланған жаңалықтармен де бөлісіп тұрады.

382b4963c66b111a68ed

Әлемдік ірі өзгерістерді, маңызды жаңалықтарды көбіне ағылшын тілінде, шетелдік ақпарат парақшаларынан бөліседі.

36b978fbf5fa7b0e5d4a

Саясаткер әлемдік экология мәселесіне жиі алаңдаушылық танытады.

7df0c2ba64a83f0561a6
5e4e887346aaa412a5cb

Ол тек алаңдаушылық танытып қана қоймай, ағаш отырғызу маусымдарына да белсене қатысады. Және өзінің осы сәттегі суреттерін жариялап отырады.

8c9d95140b8b8cbbffce

Қасым – Жомарт Тоқаевтың парақшасынан көңілді жаңалықтарды да табуға болады. Мәселен, ол Қытай полицейлерінің қара көзілдірік таққаны туралы әзілмен бөліскен. Онда «Қытай полицейлері қара көзілдірік тақты. Матрицаға, қош келдіңіз» деп жазылған.

a0a12c6ca1b499721283
3e6287ca01b171edc9be

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің күнделікті қарапайым өмірі туралы жиі жазбайды. Отбасы туралы мәлімет, олардың суреттерін де мүлдем жарияламайды. Күнделікті өмірінен тек жаттығу залындағы суреттерін ғана жариялаған.

Дереккөз: «Холаньюс»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз