Жарнама
Жаңалықтар

«WhatsApp» арқылы – тегін кеңес

Жеке және заңды тұлғалар телекоммуникация қызметтеріне ұялы байланыстың «WhatsApp» қосымшасы арқылы өтініш беріп, тегін кеңес ала алады. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ-ның   басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Атырау қаласындағы аталған компания филиалының ғимаратында өткен жиында мәлім етті.

androidpit-preset-horizontal-nexus-5-whatsapp

Онда республиканың алты өңірінде пилоттық режимде жүзеге асып жатқан «WhatsApp»  қосымшасының қызметі таныстырылды. Белгілі болғанындай, қосымша арқылы өтініштерді қабылдау кезінде операторлар барлық өтінімдерді компанияның мамандарына береді, олар қызметтерді ұсынуға арналған шарттарды жасап, қажетті ресімдерді орындау үшін тұтынушыға өздері барады. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдейді. Аталған жүйе енгізілгеннен бастап бір айда алты филиалдың операторы 700-ден астам өтініш қабылдады. Олардың ішінде Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясы 300 арызды тіркеп, көш басында тұр.

«Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев бұл жүйенің клиенттерге барлық қажетті ақпаратты жедел және өздеріне ыңғайлы уақытта алуына мүмкіндік беретіндігін айтты.

«Аталған жүйе аз уақыттың ішінде пайдаланушылар тарапынан қызығушылық тудырып  отырғандығын көрсетті. Коммуникация арналарын кеңейту жұмыстары әрі қарай жалғастырылып, жылдың соңына дейін осы бағдарлама барлық аймақтық филиалдарда енгізіледі. Алдағы уақытта көрсетілетін қызметтердің бәрін интернет желілері арқылы пайдалану жобалары жоспарлануда» – деді Қ.Есекеев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button